14:16 Бабадан қалған асыл сөз | |
БЕРЕКЕ, БІРЛІК – ҚАМАЛДЫҢ БАСЫ... СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802 ж.ж.) 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған. Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып, қиналмай-ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың шешендік қорына үлкен үлес қосқан. Азамат жетім болмайды – халықтан болса панасы, Халық жетім болмайды – басшы болса данасы. * * * Ел жеңілмес ері бар. * * * Арадан хан болсам, Халқым қалаған болар. Айырдан нар болсам, Атам үлектей жараған болар. Жоқтан бар болсам, Құдайым қараған болар. * * * Көнеден дәурен озса, Жасы жеткен болар. Көндей қамқа тозса, Күтімі кеткен болар. Атадан ұл озса, Еркіндігі болар. Анадан қыз озса, Еркелігі болар. * * * Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар. * * * Мен ағайынды екеумін: біреуі – өзім, екіншісі – халқым. * * * Халық – көл, Хан – құс. * * * Адамзатта не тәтті? Аста – тұз тәтті, Адамда – дос тәтті. * * * Даланың оты – олжа, суы – нұрлық. * * * Бөлінгенді бөрі алар. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |