21:52 Бабадан қалған асыл сөз | |
БЕРЕКЕ, БІРЛІК – ҚАМАЛДЫҢ БАСЫ... АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ (1662-1752 ж.ж.) Атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген тарихи тұлға. Он жеті жасында қару алып, ел қорғауға аттанған жыраудың ақындық даңқымен қатар, батырлық даңқы қатар шығады. Жоңғарларды талқандап, жау қолында болған шығыстағы жерлер босатылған соң, ел-жұртты ата мекеніне көшіруге көп еңбек сіңірген. Суырып салма сөз өнерінің хас шебері Ақтамбердінің өжет те, өткір сөздеріне риза болған жұрты оны «жалынды жырау» санаған. Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет. * * * Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген әреке. * * * Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым. * * * Ағайының көп болса – ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар – аз да болса көппен тең. * * * Орнын тапса ер жігіт – елсіз болар дейсің бе. Орда тігіп орнатса – төрсіз болар дейсің бе. * * * Талапты ерге нұр жауар. * * * Татулық деген – береке. * * * ...Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбіз. Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екенбіз! Тобыршықты әндіген Толтыра тартар ма екенбіз! Тобылғы түбі құралай, Бытыратып атар ма екенбіз! Жарлауға біткен жапырақ – Жамылсақ тоңар ма екенбіз. Жазыққа біткен бүлдірген – Сұғынсақ тояр ма екенбіз! * * * Жауыңды аяма, Жылағанды уат, Жығылғанды тұрғыз. * * * Еділ – Жайық екі өзен, Талсыз болар деймісің. Жағалай жатқан қалың ел, Малсыз болар деймісің. * * * Өнер алды – бірлік, қылған жақсы тірлік әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |