17:15 Бабадан қалған асыл сөз | |
БЕРЕКЕ, БІРЛІК – ҚАМАЛДЫҢ БАСЫ... БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1684-1782 ж.ж.) Атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың есімі қазақ еліне ертеден мәлім. Замандастары «көмекей әулие» атап кеткен ұлы жырау XVIII ғасырдағы әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің бірі. Әкесі Қалқаман белгілі батыр болған. Әйгілі жыраудың бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтерді. Бұқар жырау, сондай-ақ азаттық жолында өлімге бас байлап, ерлік жасаған халық батырларын жырға қосып, әдеби бейнелерін де жасаған. Ежелгі дұшпан – ел болмас, Етектен кескен – жең болмас. * * * Екі жақсы дос болмас – сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас – көңілінде кір, даты бар. * * * Ауылда адам бар болса – ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса – елі ала алмайды. * * * Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. * * * Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы, Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы. * * * Жақын жерден шөп жесе Жердің сәнін кетірер. Ағайынның аразы Елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы Ауыл сәнін кетірер. * * * Бағаналы орда – басты орда. * * * Ежелгі дос жау болмас. * * * Тар пейілді кеңімес, Кең пейілді кемімес... * * * Еліңнің қамын же – сана, Есіліп кеңес айт – сана. * * * Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. * * * Адамзаттың баласы Атадан алтау тумас па, Оның ішінде біреуі Арыстан болмас па! Алдына келген жақсының Қадірін оның біле алмай, Қадір-құрмет қыла алмай Артында қалған жамандар Бас-басына тозбас па! * * * Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. * * * Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |