23:09
Ғажайып ми

АДАМ КӨЛІКТІҢ КІЛТІН ЖОҒАЛТУЫ МҮМКІН, БІРАҚ НЕГЕ МАШИНАНЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰМЫТПАЙДЫ?

Голливудтық «Есіңде сақта!» деген бір фильмде ми жарақатын алған кейіпкер бірнеше минут бұрын оған не болғанын еске түсіру қабілетін жоғалтып алады. Есте сақтау қабілетінің осылай бұзылуынан оның өмірінің астан-кестені шығады. Бірақ бір қызығы, ол көлігін түк қиналмастан, оңай жүргізіп кете береді. Мұның себебі неде? Біз көбінесе жадьы тұтас бір нәрсе деп елестетеміз, бірақ ол көптеген құрылымдардан тұрады. Біздің миымыз фактілерді есте сақтай алады (мысалы, кешкі ас іштім), сонымен бірге белгілі бір сезімді қауіппен байланыстыра алады. Сондай-ақ біз қаладағы белгілі бір мекенжайға қалай жетуге болатынын, бұзылған механизмді қалай түзетуге болатынын және егер би үйренген болсақ, оның қимылдарын ұмытпаймыз. Барлық осы қабілеттер мидың әртүрлі құрылымдарының қатысуымен жүзеге асады. Бір-бірімен осылай байланысқан нәзік жіптер, біз жад деп атайтын матаны құрайды.

Әлгі фильмдегі басты кейіпкердің жаңа фактілер мен оқиғаларды есте сақтау проблемасы декларативті жадтағы кемшілік болып табылады.

Есте сақтаудың бұл процесіне мидың бүйірлеріндегі уақытша лобтар, гиппокамп және мидың ортасында орналасқан және футбол добына ұқсайтын аймақтағы таламус бөлігі қатысады.

Ал естің басқа түрлері мидың әртүрлі құрылымдарымен басқарылады. Айталық, қорқынышты оқиғаларды, мысалы, ашулы аюмен кездесу сияқты оқиғаны анық еске түсіру мидың амигдала бөлігіне байланысты.

Қозғалыстың белгілі бір түрлеріне жаттығу, мысалы, теннисте шарды дұрыс лақтыруға мидың церебральді бөлігі қатысады. Осыған ұқсас, көлікті жүргізу дағдысы мидың бірнеше аймағында реттеледі, бірақ фильмдегі бас кейіпкердің зақымданған лобтар жүйесіне тәуелді емес. Осыған ұқсас жарақаттары бар адамдар жаңа дағдыларды үйренуге қабілетті. Мысалы, суреттің басын төңкеріп салуға және т.б. Бірақ олар әдетте бұны қалай жасау керектігін білмейді. Сонымен түсінікті болғандай, адам жасайтын әртүрлі іс-әрекетке, дағдыға мидың әртүрлі құрылымы жауапты. Сондықтан біз көліктің кілтін жоғалтып алсақ та машинаны жүргізуді ұмытпаймыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: