09:15 Ғажайып ми | |
САНАНЫҢ ЛАСТАНУЫ Зейінді әлсіретіп, ұмытшақтыққа жол ашатын көптеген факторлар бар. мамандар мұндай факторлар ретінде миға қажетті оттегі, глюкоза және басқа да қоректік заттардың жетіспеуінен туындайтын стресс пен депрессия, ағзадағы қуат көзінің сарқылуы салдарынан мидың функциясының бұзылуы, миды толыққандв қолданбау, кейбір жайларға бас қатырып, осының салдарынан мидың кейбір бөліктерінің қолданылмай сал боп қалуы, жүйесіз ойлану сынды жайларды атайды. Сонымен қатар, адам физиологиясы мен денсаулығындағы түрлі ақаулар да зейіннің нашарлауына жол ашады. Әсіресе егде тартқан кісілердің өзге ағза мүшелерінің нашарлап, шаршайтыны сынды жас ұлғайған сайын мидың да бірқатар функциялары нашарлай бастайды. Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, Ислам ғұламалары көп ұйықтау салдарынан мидың қалыпты қызметі бұзылатынын алға тартады. Әсіресе, қомағайлықпен көп тамақ жеудің зейінге кері әсер ететініне, таң атқаннан кейінгі «күн шығып келе жатқан сәтте» ұйықтау мен «харамға қараудың» ұмытшақтыққа сеп болатынына айрықша назар аударады. Олар ақыл-ой мен сана-сезімнің тұнығын лайлайтындықтан, пайдасыз істерден, қажетсіз мәліметтерден, бос сөз, бөстеке әңгімелерден, қай-қайдағы қиялдардан бойды аулақ салу қажет деп есептеген. Тіпті ғалымдар ойды он саққа ұрындырып, зейінді пайдасыз мәліметтерге толтырудан сақтану үшін, мазарлардағы жазуды да оқымауға кеңес берген. Бүгінгі жарнама билбордтары, автокөлік номерлері, теледидардағы түрлі бағдарламалар, газет-журналдардағы түрлі хабарлар зейін үшін мазардағы жазулардан әлдеқайда қауіпті. Сана-сезімнің тұнығын лайлап, жүректі жаралайтын, ақыл-есті мешеу ететін толып жатқан қоғамдық індеттермен біте қайнасып өмір сүріп жатқан бүгінгі адамдар зейінін кірлетпес үшін мазарлардағы жазулардың өзіне назар аудармауға тырысқан ата-бабаларымыздың ыждағаттылығын байыбына барып түсінуі қиын. Сондықтан ата-бабаларымыз бұл мәселеге өздерінің парасат биігінен назар аударып, соған сай өз-өздеріне сын көзбен қарағанын ұмытпау қажет. Негізі, адамның зейінін нашарлататын ең қауіпті індет – нәпсіқұмарлықты қоздыратын факторлар. Бүгінгі таңда отбасы мен қоғамдық орта жастардың жақсы тәлім-тәрбие алуына тиісті жағдай жасай алмай отырғаны жасырын емес. Қоғамдық өмірді жайлаған түрлі теріс пікірлер адам санасын кірлетіп, рухын жасытуда. Бүгінгі адамдардың зейін-зердесін теледидар бағдарламалары, интернет, компьютерлік ойындар, шым-шытырық хабарлар, саяси айтыс-тартыстар, спортшылар мен өнер адамдарының тұрмыстық өмірінің бүге-шігесі, сенсация тудыру үшін ойдан шығарылған түрлі қауесеттер, өтірікті шындай қылып көрсететін көзбоуяшылық пен аяр қылықтар жайлаған. Онсыз да әбден әлсіреген зейін-зердені, ақыл-ойды осы аталған факторлар шырмауықтай шырмап тастаған. Адам бойындағы ізгі қасиеттер өшуде. Осының салдарынан бүгінгі адамдардың оқып-тоқуы, үйренуі, тереңнен толғап ойлануы қиындап, зейін-зердесі құлазыған қу тақырға айналып барады.өкінішке орай, бүгінгі адамдар харам нәрсені тыңдау, сөйлеу, қарау сынды күнәлардың шеңгелді қыспағында рухани тұрғыдан әлсіреп бара жатқаны ащы шындық. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
