17:46 Ғажайып ми | |
ЗЕЙІНДІЛЕР мен ҰМЫТШАҚТАР Ұлы Жаратушы миға үйрену және есте сақтау функциясын орнатып, айрықша қабілетте жаратқан. Алайда Ол Өзінің мінсіз жарату құдіретіне бірқатар материалдық себептерді перде етіп, бүркемелеген. Мәселен, мидың таңғажайып құрылымы, жүйке талшықтары және сан миллиондаған жасушалардың атомдары аса ауқымды мәліметті сақтау қабілетіне ие. Зейіннің мүмкіндігін ұтымды қолдана білетіндер көренін, естігенін, оқығанын жылдам жадында сақтап, тез үйреніп алуы. Алла тағаланың құдіретін бүркемелеген перде іспетті. Расында да адамгершілік қасиеттер қастерленіп, сана-сезім уланбаған дәуірлерде ел арасынан зейінімен дүйім елдің таңдайын қақтырған алып тұлғалар шықты. Мәселен, әзірет Әбу Һурайра (р.а.) бір естігенін екінші рет қайталаттырмай бірден жаттап алатын. Зәйд ибн Сәбит әз Пайғамбардың (с.а.с.) әмірімен 15-20 күн ішінде хаттарды аудара алатындай және жауап жаза алатындай деңгейде ибрани тілін үйренген. Осы сынды бір естігенін дереу жадында сақтап, ешқашан ұмытпайтын жүздеген сахаба бар еді. Әсіресе, саны бір миллион хадис мәтінін жатқа білген ғұламалар болған. Өкінішке орай, замана керуені алға ілгерілеген сайын адамдардың зейіні мен есте сақтау қабілеті де нашарлай түсті. Кісі қысқа ғана мәтінді жиырма рет қайталап оқыса да, есіне сақтай алмайтын мүшкіл жағдайға жетті. Қарапайым ғана мәліметті жаттап, үйрену қиынға айналды. Сананың ластануынан, ой-пікірдің құнарсыздануынан, жүректің кірленуінен есте сақтау қиындап қана қоймай, білген нәрсенің өзін тез арада ұмытып қалатын сумилық пайда болды. Адам баласы үгін үйренгенін ертеңге жетпей ұмытып қалатын жағдайға ұшырады. Бүгінгі таңда зейінінде мін жоқ, ұмытшақтық дертіне шалдықпаған адам табу қиынның қиыны. Өз зейініне өзінің көңілі толмаушылық барлық дәуір адамының басынан өткен. Дегенмен бүгінгі жағдайдың жөні бөлек. Мәселен, табиғиндардан бір кісі бір парақты бір рет оқығанда жадына жаттап ала алмағаны үшін уайым жегені мәлім. Ал бүгінгі адамдар бір мәтінді отыз рет оқыса да, есіне сақтай алмайтынын және білген мәліметтерінің өзін тез ұмытып қалатынын айтып зар илеуде. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
