18:10 Ғажайып ми | |
ЕС МЫНАДАЙ ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ Естің процестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша көрініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жаңғыруын – ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз – бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. Ықтиярлы қайта жаңғырту – әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану – бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екіні біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Ұмыту процесі – есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдғандарды тани алмасақ, бізде ұмытудың болғаны. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
