09:23 Ғажайып ми | |
ЕС МЫНАДАЙ ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ 1. Қимыл-қозғалыс ес – бұл адамның жасаған қимылдарын есте қалдыруы мен қайта жаңғыртуы. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізінде қалыптасады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, компьютер теру, машина жүргізу, турникке ойнау т.б. қалыптастырудың негізі болып табылады. Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естің бұл түрі туралы К.С.Станиславский: «Сіз бастан өткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда өтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз, сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды. 3. Сөздік-логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады. 4. Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды есте сүйеніп-ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған. Адамның материалды қанша мерзімге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативті ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы уақытты алады. Қысқа мерзімді ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады. Ұзақ мерзімді ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Есті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімді ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкін. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімді ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде көп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
