09:03 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІҢІЗ ҚАНДАЙ? Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде иа көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Абай Құнанбайұлы
ЕС ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Ес – адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның қабылдаған ақпараттары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында сақталып қалады. Соның негізінде адам есте сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
