18:26
Ғажайып ми

7 КҮНДЕ ЭЙНШТЕЙН СИЯҚТЫ БОЛУ МҮМКІН БЕ?

7 күнде Эйнштейн болу мүмкін бе? «Әй, қайдам. Мүмкін емес сияқты» дерсіз. Алайда Шотландиядағы Эдинбург университетінің биомедицина кафедрасының профессоры Марк Литгоистің айтуынша, 7 күнде ақылды болуға болады. Қайсымыз бір күні төсектен тұрып, керемет ақылды болып кеткенімізді қаламайды дейсің? Бұл қалау утопия болып көрінсе де, ғалымның әдісі 1 аптаның ішінде зияткерлікті 40 пайызға арттыруға болатындығын көрсетті.

Шотландиядағы Эдинбург университетінің биомедициналық кафедрасының профессоры пікірінше, ми кез келген бұлшықетке ұқсайды және жаттығулармен күшейтілуі мүмкін. Марк Литгоистің мидың жұмысын жақсартуға арналған бір апталық бағдарламасы ВВС эфирінде көрсетілді.

Бағдарламаға қатысқан 100 адамның IQ-де 40 пайызға дейін өсуі байқалды. Бұл өсім қатысушылардың бағдарламаға қатыспас бұрын тапсырған тест пен бағдарламадан кейін қолданылған тест нәтижелерін салыстыру арқылы қол жеткізілді. Оның ұсынған бір апталық кестесі мынау:

Дүйсенбі: Кешкі асқа майлы балық жеңіз. Жұмысқа жаяу, велосипедпен немесе бұрын пайдаланбаған көлікпен барыңыз.

Сейсенбі: Сөздіктен білмейтін сөздерді үйреніңіз және оларды күнделікті әңгімеңізде қолдануға тырысыңыз.

Сәрсенбі: Йога немесе медитация сабақтарына қатысыңыз. Бұрын танымайтын адамдармен сөйлесіңіз.

Бейсенбі: Жұмысқа бұрын жүрмеген жолмен барыңыз. Теледидардан маңызды ақпараттық бағдарламаларды қараңыз.

Жұма: Алкоголь мен кофеин ішуден аулақ болыңыз. Сатып алу кезінде тізімді жаттап алуға тырысыңыз.

Сенбі: Қол жұмысын ауыстырып көріңіз. Әдетте, тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба – ауыстырыңыз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Көзіңізді жұмып душ қабылдаңыз.

Жексенбі: Таңертең жұмбақтар шешіңіз. Қысқа уақыт далаға шығып серуендеңіз.   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: