09:41 Ғажайып ми | |
ЖАСЫ 30-ДАН АСҚАН АДАМДАРҒА МИ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ? Мидың «қартаюы» және есте сақтау қабілетінің төмендеуі – биологиялық құбылыс. Бірақ оны зерттеп жатқан ғалымдар бір қағидаға қатып ақылп жатқан жоқ. Яғни, миды зерттеген сайын «қартайып» бара жатқан миды «жасартуға» және есте сақтау қабілетін қай кезде де жақсартуға болатынын дәлелдеп жатыр. Ол үшін арнайы әдістердің жүйесін де тізіп шыққан. 3-әдіс. Ойды жинақтап үйрену керек. Есте сақтау қабілетінің төмендеп кетуіне бірден-бір себеп – ойдың шашырап жүруі, назарды бір бағытта ұстай алмау. Зерттеу нәтижесінде мидың еске түсіруі үшін шамамен 8 секунд керек екені белгілі болған. Ең жақсы әдіс – болып жатқан жағдайды дауыстап айту. Әрине, айғайлап айтпайсыз, өзіңіз естілетіндей етіп қана дауыстайсыз. 4-әдіс. Ой-өрісті дамыта отырудың да есте сақтау қабілетін жақсарту мен мидың қызметін қалпында сақтауда маңызы жоғары екендігін білесіз бе? Білсеңіз, ой-өрісіңізді дамытыңыз, жаңа қырыңыздан өзіңізді танып көріңіз. Мәселен, тағамдайындап үйреніңіз, шет тілін оқыңыз, музыка аспаптарын байқап көріңіз, кітап оқып, біліміңізді арттырыңыз. Осы сияқтылардың барлығы да мидың қартаюына жол бермейді. 5-әдіс. Бұл бәріне ұнайтын әдіс. Мидың жұмысы мен есте сақтауды арттыру үшін ұйықтаңыз. Дұрысы, ұйқыңыз қанық болсын. Уақытында жатып, ерте тұрыңыз. Жұмысқа беріліп кетіп, көп адам ұйқының уақытын ұрлап жатады. Ал ғалымдардың зреттеуі бойынша, ми жұмысы үшін 8 сағаттық толыққанды ұйқының мәні зор. 6-әдіс. Мнемотехниканы қолданыңыз. Кез келген ақпаратты ұқсатып қабылдау бұрыннан нәтиже беріп келген. Мысалы, біреудің есімін жаттап қалу үшін ойша өз ортаңыздан сол адаммен аттас жанмен байланыстырып көріңіз. Сонда ұмытып қалмайсыз әрі есте сақтап қалу да оңай болады. 7-әдіс. Спорт, спорт... Тағы да спорт. Күнделікті спорттық жаттығудың ең болмаса біреуімен айналысып тұрудың да ми жұмысы үшін пайдасы көп екендігіне мән беріңіз. Бүтіндей алғанда, ағза үшін пайдалының барлығы да мидың жұмысын жақсартпаса, тежемейді. Санаңыз да сергек болып, есте сақтау қабілетіңіз жақсарып жатқандығын уақыт өте-ақ өзіңіз де байқайсыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
