23:31
Ғажайып ми

ЖАСЫ 30-ДАН АСҚАН АДАМДАРҒА МИ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ?

Мидың «қартаюы» және есте сақтау қабілетінің төмендеуі – биологиялық құбылыс. Бірақ оны зерттеп жатқан ғалымдар бір қағидаға қатып ақылп жатқан жоқ. Яғни, миды зерттеген сайын «қартайып» бара жатқан миды «жасартуға» және есте сақтау қабілетін қай кезде де жақсартуға болатынын дәлелдеп жатыр. Ол үшін арнайы әдістердің жүйесін де тізіп шыққан.

1-әдіс. Миға салмақ түсірмейтін жеңіл істермен, мәселен, кітап оқу мен сөзжұмбақтар шешу мидың есте сақтау үрдісін шынықтырады. Ғалымдардың айтуынша, бұл басымыздағы сұр сұйықтықтың түйіспемен (синапс – нейрондар арасындағы түйісетін жер) белсенді әрекеттесіп, сол арқылы есте сақтауды күшейтеді. Бір кемшілігі – нәтижесін көру үшін күн сайын және өмір бойы бір мезгіл сөзжұмбақ шешіп немесе қызықты кітаптар оқып тұруыңыз қажет.

2-әдіс. Тағамды дұрыс таңдаңыз. Адамның тәнінде шамамен 100 миллиардтай нейрондар орналасқан. Олар көп бөлігі майлардан тұратын миелин қабатымен әректтеседі. Сондықтан құрамында май қышқылдары мол азық-түліктер (күнжіт майы, жаңғақтар, майлы балық, бидай кебегі) есте сақтау қабілетін өз дәрежесінде сақтауға көмектеседі. Оған қоса, тұрақты тағамдық қоспаларды пайдалануға болады. Оларға дәрумендер жиынтығы жатады. Есте сақтау қабілетіне ең қатты әсер етуші – темір. Оның маңызды қызметі – миға оттегін қажетті деңгейде жеткізіп тұру. Сондықтан ас мәзіріңізге ет, балғын көкөніс, теңіз өнімдері мен құрамында темірі мол өзге де азық-түліктерді қосуға тиіссіз. Мүмкін болғанынша рафинадтаған қанттан, жартылай дайындалған өнімдерден бас тартыңыз. Олар – есте сақтау қабілетін төмендетуге және миыңызды «қартайтуға» барынша күш салады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: