23:58
Ғажайып ми

МИҒА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН 10 НӘРСЕ

6. Темекі шегу

Темекі шегудің ағзаға кері әсері жайлы әңгіме қозғалғанда, ең әуелі қарайған өкпе мен құрттаған тістерді елестетеміз. Дегенмен темекінің миға қалай әсер ететіні жайлы көп айтылмайды: никотин қан тамырларын тарылтады. Миға нәрлі заттарды жеткізбеу сияқты кері әсерімен қатар, бұл зиянды әдет альцгеймер ауруына шалдығу қатерін бірнеше есеге арттырады.

 

7. Күн

Адам ағзасына Күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Біріншіден, Күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін ағзадағы қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын. Екіншіден, Күн сәулесі серотониннің - адамның көңіл-күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді.

 

8. Су

Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішіреюіне әкеледі, ал бқл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді. Күніе шамамен 2 литр су ішу ұсынылады.

 

9. Шамадан тыс көп ақпарат

Жыл өткен сайын адам қабылдайтын ақпарат мөлшері өсіп келеді. Бұл миды жатықтыру мен оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектесетін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде, шамадан тыс көп ақпаратқа ми қарсылықпен жауап береді. Ол ақпаратты мүлдем қабылдай алмай қалуы мүмкін, кейде тіпті көп нәрсе естен шығып кететін кездер болады.

 

10. Бір мезетте көп ақпаратты қабылдау

Ақпараттық дәуірдің тағы бір дерті: адам бір мезетте бірнеше ақпаратты игеруге тырысады. Нәтижесінде, бірде біреуі лайықты түрде сіңірілмейді, ал ес осы режимге үйрене бастайды. Ақпарат атүсті қабылданады, екіншісіне ауыспай, біреуіне ғана ден қойып орындау күн өткен сайын қиындай түседі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: