08:58
Ғажайып ми

МИҒА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН 10 НӘРСЕ

1. Ұйқының қанбауы

Бәріне таныс бұл құбылыс елеулі мәселеге айналып барады. Соңғы 100 жылда адамзат ұйықтау уақытын орташа есппен 20%-ға азайтқан. Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адам бір нүктеге «қадалып» қалады, бытыраңқы жүреді, ұсақ мотрикасы бұзылады. Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

 

2. Таңғы ас ішпеу

Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Бұл түсінікті жайт болып көрінуі мүмкін, алайда мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

 

3. Артық қант мөлшері  

Ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады. Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

 

4. Стресс

Қатты психоэмоционалдық стресс нейрондар арасындағы арақатынасты ажыратып, жағдайлардың себеп-салдар байланысын және жүйелілігін түсінуді қиындатады. Бұл жүйке жүйесінің қатты қозуы мен шарасыздық сезімін тудырады. Жиналып қалған стресс есте сақтауды қиындатып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді төмендетеді.

 

5. Антидепрессанттар мен ұйықтататын дәрілер

Жақсы әсер ететін дәрі-дәрмекке жаппай құмар болу мәселесі әсіресе АҚШ-та өзекті, себебі мұндай дәрілерді сатып алу оңай. Ұйықтататын дәрілер мен ксанакс сияқты танымал антидепрессанттарды ішу есті амнезияға дейін нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар жарымес етіп, суицидтік ойларға жетелеуі мүмкін.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: