12:00
Ғажайып ми

МИДЫ СЕРГІТУДІҢ 10 ТӘСІЛІ мен МИҒА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН 10 НӘРСЕ

Таңертең ұ        қыдан тұру бір уайым болса, тұрғаннан соң тиімді жұмыс істеу – екінші уайым. Ал өнімді жұмыс болуы үшін миыңыз жақсы жұмыс істеуі тиіс. Назарларңызға миды сергітудің 10 жолын ұсынамыз.

 

Физикалық жаттығу

Физикалық жаттығулар бұлшық еттеріңізді шынықтырып қана қоймай, миыңыздың мүмкіншіліктерін де арттырады, өйткені белсенді қозғалыс кезінде қан айналымы жақсарып, бұлшық еттеріңіз бен миыңыз жақсырақ жұмыс істейтін болады.

 

Кофе емес, су ішіңіз

Таңертең кофе сергітудің орнына, керісінше, ми жұмысын тежейтіні туралы көптеген зерттеулер жүргізілген. Ал егер оны қарапайым таза сумен алмастырсаңыз, сергектік сезімі әлдеқайда ұзағырақ болмақ. Аш кезде ішкен таза су ас қорыту жүйсеін белсендендіріп, кофеге қарағанда, шырышты қабықты тітіркендірмейді.

Су – өмір негізі. Оны кез келген адам растай алады. Әр адам күн сайын кем дегенде бір жарым литр су ішуі керек. Спортшылар, белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін бұл жерде әлдеқайда жоғары. Суды таза күйінде ішу де міндетті емес. Ол мейлі шырын, шай, кофе, диеталық сусын болса да болады.

Ол не үшін керек?

Су – денедегі әрбір жасушаның, сонымен қатар ми жасушаларының негізі. Ми судан айырылса, 10-15%-ға дейін салмағын жоғалтады. Соның салдарынан байқау мен ақыл-ой қабілеті төмендейді. Есіңізге түсіріңізші, кинода және көркем әдебиетте шөлдегі адамның қиналғаны қалай бейнеленген? Оның бәрі осы мидың «құрғауынан» болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: