20:38 Ғажайып ми | |
МИДЫ ҚАЛАЙ ТЫНЫҚТЫРУҒА БОЛАДЫ? Қазіргі қоғамдағы қарбаласты білесіз. Бұл адамды шаршатады. Қоршаған орта, бітпейтін мәселелер, тіпті қолыңыздағы ұялы телефонның өзі сіздің миыңызға салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым демалыс шаршағанды басқанымен де, миға түскен салмақтан арылтпайды. Кейде сырт қарағанда бәрі жақсы сияқты сезінетін кейбір адамдардың сіркесі су көтермей, үнемі жүйкелері жұқарып жүретінін көріп жүрміз. Мұның бәрі миға көп салмақ түсуден болады. Сондықтан демалыс күндері тынығудың оңтайлы жолын қарастырып, миды да тынықтырып алу керек. Ол келесі күндері миың өнімділігін қамтамасыз етеді. Миды қалай тынықтыруға болады? Енді осы мәселеге тоқтала кетейік.
Үздіксіз қимыл-қозғалыс мидың дамуына 75% көмектеседі. Таза ауада жүру, серуендеу дене қозғалысы миға жақсы ойлар тудырады, жақсы шешім қабылдауға көмектеседі. Адам үйге тығылып алып, тар ауаны жұтып бір нәрсеге нақты шешім қабылдай алмайды. Мұндай кезде адам қателікке ұрынады. Ал адам жүретін болса, онда ми отырған кездегіге қарағанда, аяққа тұрып қозғалған кезде 10%-15% артығырақ жұмыс жасайды. Мысалы, Сократ жүру арқылы пікірлер тудырып отырған. Міне, сол себепті спортпен шұғылдану мидың жұмыс қабілетін арттыруға тікелей әсер етеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
