23:12
Ғажайып ми

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ғалымдардың айтуынша, мидың жұмысын жақсарту үшін жаңа әрекеттер істеу арқылы миға күн сайын шабуыл жасап тұру керек. Мидың күш-қуатын мол пайдалағыңыз келсе, жаттығулар жасаңыз. Біз спортпен шұғылдану арқылы мүсінімізге мән береміз. Күніне бірнеше сағат уақытымызды сұлу сымбаттың иесі болу мақсатына арнаймыз. Ал миымызды шынықтыру үшін осы кезге дейін не істедік бітпейтін қиындықтар мен күйзелістер миға күш түсіріп, кейде терең ойлана алмай қалып та жатамыз. Ендеше, ми жұмысын жақсартатын жеңіл жаттығуларға назар салайық.

 

19. Құран

Таңертең аш қарынға бәсең дауыспен Құран оқу дене және рухтың саулығы жағынан өте пайдалы. Оқу кезінде бастағы жүйкенің тітіркенуі болады. Бұл миға жақсы бір массаж есебінде.

Мидағы тамырлардың айналасына одан да жақсы әсер етеді. Бәсең дауыспен және ыңғайлы бір ырғақпен Құран оқу жұтқыншақтағы дыбыстық пернелерді тәрбиелейді, күшейтеді, жұтқыншақ гимнастикасы есебінде болады. Күн сайын осылайша Құран оқуға үйренгендердің дауыстары қарттық кезеңде де бұзылмайды. Рухқа берген рахаттық әсері миға жақын болған гипофиз безінің одан да жақсы жұмыс істеуіне себепші болады. Өзге бездер де осылайша керемет бір халге енеді. Сөйтіп денсаулыққа зор пайдасын тигізеді. Адамның пессимистігін кетіріп, денеге қуат, ойға рахат сезім береді.

 

20. Намаз

Намаз оқып, күніне басын сексен рет жерге қойған адамның миына ритмге сай артық қан барады. Сондықтан сондықтан мидың клеткалары толық қоректенгендіктен есте сақтау және жаратылысының (адамдық қасиет) бұзылуы намаз оқыған адамдарда өте аз кездеседі. Намаз оқыған адамдар денсаулық жағынан басқаларға қарағанда әлдеқайда мықты өмір сүреді. Бүгінгі медицинадағы «demans senil» деген алжу ауруына ұшырамайды. Огайо штатындағы Кливленд университетінде америкалық зерттеушілер жасаған зерттеуде намаздың Альцгеймер ауруының алдын алатынын дәлелдеді. Зерттеуге 65 жастан жоғары 892-ден астам адам қатысқан. Зерттеулер күніне бес рет оқылатын мүміндердің намазы адамжадының төмендеуі мен Альцгеймер ауруының қаупін 50%-ға азайтады деп көрсетті (Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ болып, жадынан айырыла бастайды. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады). Үнемі Жаратушыға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп, ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын бәсеңдетеді. Діндар адамдар дәрігерге басқаларға қарағанда 36%-ға сирек барады екен.

 

21. Ораза тұту (ашығу)

Гарвард физиологы Ричард Джоллдың айтуынша, дұрыс тамақтанып, көмірсуларды сирек қолдану күрделі ақпаратты сақтауды тездетеді және мидың жұмысын белсенді етеді. Алайда денсаулыққа зиян тигізбестен мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы бар. Ол ораза тұту. Өйткені ораза ұстағанда миға көп мөлшерде қан барады. Ол болса мидың қимыл-қозғалысы мен жұмыс істеу қабілетін еселей түседі. Мидың көбірек жұмыс істеуінде оразаның пайдасы мол. Қиын әрі кешенді проблемаларды шешуде, ойлау күш-қуатын қажет ететін жағдайларда, қиын сынақ кездерінде ауыз бекітіп ораза ұстау оқушының терең ойлау, есепті шеші қабілетін арттырады, еске түсіруін жеңілдетіп, санасын серпілтеді, мәселені қамту, жинақтау қабілетін жақсартады.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 22 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: