21:54
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР

Қара шоколад. Қара шоколадтың құрамындағы Flavan-3-ol ересек адамдардың миының жұмысы мен есте сақтау қабілетін арттырады және шоколадтың қабынуға қарсы қасиеті миға зақым келген жерлердің жазылуына көмектеседі.

Қара шоколадтың құрамындағы фенилэтиламин бар және ол бір адамға ғашық болып қалғандай сезімге бөлей алады. Фенилэтиламин мидағы эндорфиндердің бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондықтан шоколадты жегенде адам өзін әдеттегіден жақсырақ сезіне бастайды.

Қызанақ. Қызанақты көбірек тұтыну есте сақтау қабілетін жақсартады. Қызанақ жеу арқылы Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін төмендетуге болады. Қызанақтар ликопинге – актиоксидантқа бай, ол ағзаға бос радикалдармен күресуге көмектеседі.

Лимон. Лимонның құрамында калий көп. Калий мен магний ми денсаулығына пайдалы әсер етеді. Бұл мидың жұмысын, ақыл-йдың тазалығын және зейіннің жақсаруын жақсартады, бұл суденттерге немесе стрессті жұмыспен айналысатын адамдарға керемет сусын береді. Депрессия және мазасыздық – көбінесе қандағы калийдің төмен деңгейінің нәтижесі. Лимон суы сізге депрессия мен стресстен арылуға көмектеседі.

Сарымсақ. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияғ жауап беретін жасушаларды жақсартады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 37 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: