22:11
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР

Лосось (арқан балық). Майлы балықтың басқа сорттары сияқты (сардин, галибут, лосось, форель, саурия) лосось құрамында жүйке жасушаларының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет пайдалы омега-3 қышқылдары бар. Дәрігерлер аптасына кем дегенде бір майлы балықты (140 гр( жеуге кеңес береді. Егер сіз балықты аз жейтін болсаңыз, тағамдық қоспаларды қабылдау туралы ойланыңыз.

Зәйтүн майы. Зәйтүн майының химиялық құрамы ерекше. Онда адам ағзасына ең керекті витаминдер, қышқылдар, микроэлементтер жинақталған. Ол – өсімдік майларының арасындағы қоректік нәрі ең қуаттысы. Құрамындағы А, В, С, D, Е, F, К витаминдері тотығу арқылы адам ағзасына қауіп төндіретін еркін радикалдармен күреседі. Құрамындағы фенолдар иммунитетті көтеріп, кәрілікті баяулатады.

Қара зере майы. Қара зере майында жүздеген белсенді зат бар. Оған көп қанықпаған май қышқылдары, амин қышқылдары, фитостеролдар, эфир майлары, сапониндер, тимохинон, нигелон, бета-систерол секілді органикалық қышқылдар жатады. Бұл өнім кальций, фосфор, мыс, селен, мырыш, темір, А, С, Е, В дәрумені мен басқа да көптеген бағалы компоненттерге және микроэлементтер мен витаминдерге бай. Сондықтан ол мидың жұмысын күшейтіп, есте сақтау қабілетін қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.

Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау мидың жұмысына пайдасын тигізеді.  

Какао. Какао адамның когнитивті мүмкіндіктерін арттырады және жүректің жұмысына жақсы әсерін береді. Жүрек-қан тамырлар жүйесі қаншалықты жақсы жұмыс істесе, ми қан айналымы арқылы соншалықты пайдалы заттар ала отырып, қанығады.

Каконың құрамында флаванол антитотықтырғышы бар. Ал флаваноидтар мидың қан айналымын жақсартады. Сонымен қатар, миды тотығу процесінен қорғайды. Айта кетейік, ми тотықса, адам альцгеймер ауруына шалдығуы мүмкін. Сондай-ақ, ыстық шоколадта анандамид бар. Анандамид – адамға жақсы көңіл-күй беретін гормондардың бөлініп шығуына таптырмайтын зат.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: