22:13
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР

Жасымық. Жасымықта (чечевица) адам ағзасына аса қажет көмірсулардан басқа, аминқышқылы да кездеседі. Аминқышқылы ми жасушаларындағы биохимиялық процестің тез алмасуын жақсартады. Мұндай жағдайда адамның жылдам ойлау қабілетін артады.  

Дәрумендер. Ең пайдалы дәрумен – В дәрумені. В12 дәруменінің (балық, ет, жұмыртқа, құс) жетіспеушілігі есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Бұл дәрумен жұмыс істеуде көмекші болып келеді.

Жұмыртқа. Жұмыртқа ми қызметін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады. Ол холестеринді тұтынудың қауіпсіз әдісі болып табылады және жасушалар мен ми құрылымдарын нығайтады. Сонымен қатар, жұмыртқада миды нәрлендіретін және қорғайтын антиоксиданттар мен пайдалы майлар бар.

Жылқы еті. Қазақ халқы үшін жылқы еті таңсық емес. Оны күнделікті қолданады десек, артық айтқандық емес. Жылқы еті Е және В дәрумендерінің молдығының арқасында қан айналымын жақсартады. Жылқы етін стресс пен күйзелісті басу үшін пайдалануға болады. Жұмыстан соң қатты шаршаған адам жал-жая жесе, миы тынығып, жүйке жү есі қайтадан қалпына келеді. Глюкогенге бай жылқы етін жиі пайдаланған адам шаршамайды. Темір мен В12 дәруменіне бай болғандықтан, қаны аз адамдарға өте пайдалы.  

Майлы балық. Қызыл балық, скумбрия, тунец, макрель, сардиндер – осы балықтарды сирек болса да, жеп тұру керек. Омега-3 қаныққа май осы балықтарда өте көп мөлшерде бар. Ол миға өте пайдалы екені баршаға мәлім.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: