11:33
Ғажайып ми

ӘЙЕЛДІҢ ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА АҚЫЛЫ АЗ БА?

Қоғамда «әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген сөз жиі қолданылады. Әйелді кейбір азаматтар осылай бағалап жататыны да жасырын емес. Алайда ер мен әйелдің жаратылысы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Алла тағала оларды мүлде бөлек табиғатпен жаратқан. Сондықтан ер мен әйелді бірін бірінен жоғары қойып теңестіру қаншалықты дұрыс. Мысалы, әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды, қуанышты жағдайларды әйелдер мен ерлердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Ендеше, екеуін салыстыру қаншалықты қисынды. Мұны аңдамай айтылған теңеу деп есептеп, төменде «расында да әйелдің ақылы қысқа ма?» деген сауалға ғалымдардың зерттеулерімен жауап беруге тырысамыз.

Әйелдер мен ерлердің миына зерттеу жасаған ғалымдар, ерлердің күрделі мәселелерге ұтымды, ақылға қонымды шешім табатынын, ал әйелдердің сезімталдығы, қандай да бір мәселені түйсікке сүйеніп шешім табатынын анықтады.

Кэмбридж университетінің нейрохирургтері мен нейрофизиологтары процестерді жүйелеу мен реттеуге қабілеттілікте ерлердің миы жақсы жұмыс істейді деп отыр. Ерлер мен әйелдер миының белсенділігін зерттеген ғалымдар тіпті ми ауруларымен ауырған ер адамдар бір-бірінен көлемдік және сипаты тұрғысынан ерекшеленетін кешенді көпсалалаы тапсырмаларды шешеді дейді. 700 мыңға жуық адамды қамтыған зерттеу (аутизм спектрі бұзылулары бар 37 мың адамды қоса алғанда), әйелдердің күнделікті тұрмыстағы эмоционалдық «шағылыстары» әйел миының шындықты дұрыс қабылдау қабілеттілігін бұзады дейді. Ерлердің эмоционалдық «сараңдығы» жүздеген және тіпті мыңдаған адамдардың өміріне тікелей немесе жанама әсер ететін кішігірім проблемалар мен міндеттерді, сондай-ақ үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді екен. Зерттеушілер әйелдердің миының «жұмыс режимінің» ерекшелігіне байланысты әйелдер көбінесе гуманитарлық салада, ал ерлер қаржы, ІТ секторы және ірі құрылымдарды басқаруда табысқа жетеді дейді. Ғалымдардың пікірінше, мұндай стандарт қызметкерлер біліктілігін анықтауда қолданылмайды, бірақ жаңа зерттеулердегі статистикалық қате аз деп есептеледі. Нейробиологтардың айтуынша, ерлердің миында стресс және сыртқы кедергілерге «тосқауыл» көп, сондықтан ерлер бір уақытта бірнеше маңызды тапсырмаға ықылас қойып, назар аудара алады.

Осы орайда «ерлердің миы әйелдерге қарағанда көп пе?» деген сұрақ туындайды.

Жаратылыс бйынша ерлер әйелдерге қарағанда ірілеу болып келеді. Алайда дене мөлшерімен салыстыратын болсақ, әйелдердің миының ерлерге қарағанда сәл артығырақ екенін байқауға болады. Әйелдің миы неге аз? Өмірде әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды әйелдер мен еркектердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Бұл неліктен? Ғалымдар оған көптен бері нақты жауап іздеп келеді. Зерттеулер барысында: «Мүмкін, әйелдер мен ерлердің жүрегі, миы әу баста бір-бірінен басқаша жаратылған шығар, соған байланысты әйелдер мен ерлер науқасты, әртүрлі жағдайларды әрқилы қабылдайтын болар?» деп ой айтқандар да болған көрінеді. Тек әзірге ғалымдардың анықтағаны, көлемі мен құрылымы жағынан әйелдер миының еркектер миынан айырмашылығының бар екендігі. Яғни, әйел миының салмағы ерлер миының салмағынан орташа алғанда (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Алайда «Әйелдердің миы тауықтың миындай екен» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені ақылдылық мидың сламағымен өлшенбейді. Осы орайда америкалық психиатрлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді. Әйелдер мен ерлер миының рекациясында да алшақтықтың көп екендігі анықталып отыр. Яғни, олардың реніш сезімдері бірдей көрінгенімен, әйелдің миына салмақ сегіз есе көп түседі. Және де әйелдер кез келген сөзге ерлерден гөрі ерекше мән береді, тез аңғарады. Соған сәйкес, әйелдерге сөзбен жұмыс істеу, синонимдік сөздерді ойлап табу әлдеқайда жеңіл көрінеді. Бұл ерекшелік олардың миына зақым келгенде тез сауығуына көмектесетін болып шықты.

Сондықтан ақылдың салмағы ақылдылықтың өлшемі болып табылмайды. Бұдан шығаратын қорытынды, әйелдердің ақылы аз емес. Тек табиғаты бөлек, нәзік, сезімтал жаратылған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: