23:50
Ғажайып ми

КІМНІҢ МИЫ ЖЫЛДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ: СОЛАҚАЙДЫҢ МИЫ МА ӘЛДЕ ОҢШЫЛДЫҢ МИЫ МА?

Жаратушы адамға берген қабілет, таланттарды оның миының жарты шарларының қайсысы жақсы дамыған болса, соған байланысты еткен деен көзқарас қаншалықты рас. Солақай адамдар кейінгі кезде айтылып жүргендей, соншалықты ақылды әрі талантты ма? Бұл түсінік не себепті қалыптасты.

Бірінші себеп – солақайлар спортта әсіресе бокста қарсыласына қиын әрі қолайсыз қарсылас болады. Себебі солақайлардың күтпеген, тосын қимылдар жасай алатын артықшылығы бар.

Екінші себеп – солақай адамдар оң қолмен әрекет етуді үздіксіз жетілдіріп жүрген соң (мектептерде ғана емес, үйірмелерде және спорт сеекцияларында( екі қолды бірдей жақсы қолдануға дағдыланады. Мұндай адамдардың расында да артықшылықтары болады. Олардың үлкен ми жарты шарлары жауап беретін қабілеттері жақсы дамыған болып келеді.

Оң қолмен жазып-сызуды, оң қолын қолдануды үйренбеген адамдар да сондай ма? Біріншіден, айта кету керек, қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, солақай адамдар оңқайлармен салыстырғанда психикалық ауруға бейім емес. Осылайша, Ломброзоның ізбасарлары мәлімдеген тұжырымының 2010 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде негізсіз екені дәлелденді. Бұл зерттеулерге шамамен 1500 адам қатысқан. Олардың жартысынан аз бөлігі шизофрениядан зардап шеккен, қалған қатысушылар олардың ағалары мен әпкелері болды. Қатысушылардың бір бөлігі – дені сау және шизофрениямен ауырған солақайлар болды.

Ғалымдардың міндеті – мидың үлкен жарты шарларының ассиметриялы шизофренияға бейім бе, соны анықтау керек болды. Зерттеу оң және сол қолдың аурудың пайда болуына немесе оның дамуына әсер етпейтінін көрсетті.

Солақайлардың миының оң жақ жарты бөлігі жақсы жұмыс істейді, сезімталдық пен есте сақтау, сараптау сияқты қабілеттер оларда жақсы дамыған. Сондықтан солақайлардан шығармашылық адамдары, суретшілер, сазгерлер, ақындар мен музыканттар көп шығады. Әрі қысқа мерзімді есте сақтау қабілеті жақсы болып келеді.

Ал танымдық қабілеттерге келетін болсақ, бұл жерде қарама-қайшылық бар. Мәселен, 2001 жылы нейропсихологтар жартысына жуығы солақай 465 еріктінің ми құрылымын зерттеп салыстырған. Нәтижесінде, мидың жарты шарының асимметриясының сұр заттардың жалпы көлеміне де, мидың әртүрлі бөліктеріне де әсер етпейтіні анықталды. Басқаша айтқанда, солақайлар мен оңқайлар ақылды және миының күшті жұмыс істеуі үшін туа бітті қабілетті болып туылмайды. Бірақ бұдан да нәзік танымдық процестерді алатын болсақ, бұл жерде қызықты. Мысалы, Австралия нейрофизиология мемлекеттік университеті мамандарының пікіріне қарағанда, сол қолмен жұмыс істейтіндердің кез келген нәрсеге жауап қату әрекеті оңқайларға қарағанда жылдам және олар тапсырманы тез түсініп, тиянақты орындайтын көрінеді. Сондай-ақ Афина университетінің психологтары жүргізген зерттеу көрсеткендей, солақай адамдар күрделі мәселелерді шешуге өте қабілетті, ақыл-ойының деңгейі жоғары, өздерін басқара алатын ұстамды болып келеді және қысқа мерзімді еске қабілетті болып келеді. Басқа да бірнеше зерттеулер архитекторлар, музыканттар және өнерге қатысты басқа да мамандықтардың өкілдері арасында солақай адамдардың көптігі анықталған. Бірақ ғалымдар арасында солақай адамдардың үлесі 15%-дан аспайды.

Сондықтан солақайдың миы оңқайдың миына қарағанда жылдам жұмыс істейді деген болжам шындық болуы мүмкін. Алайда бұлай болғанның өзінде бұл фактіні әсірелемеу керек. Солақай ерекше жаратылған адам емес. Тек оның миының оң жақ жарты бөлігі жақсы жұмыс істейі. Сондықтан солақайдың миы жылдам жұмыс істейді деуге болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: