11:15
Ғажайып ми

КІМНІҢ МИЫ ЖЫЛДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ: СОЛАҚАЙДЫҢ МИЫ МА ӘЛДЕ ОҢШЫЛДЫҢ МИЫ МА?

Бір кездері солақайлық «дұрыс емес» саналып, солақайлар қайта тәрбиеленуден өтетін. Содан кейін бұл ұғым керісінше болып, қоғамдық санаға солақай адамдар оңқай адамдарға қаарғанда талантты деген пікір сіңе бастады.

Бұрынғы ғасырларда солақайлар «жаман» адам саналған. Еуропада орта ғасырда солақай адамдарды отқа жағып өлртеген. Көптеген еуропалық тілдерде «сол» деген сөз «жаман» деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ көптеген мұсылман елдерінде адамға сол қолымен затты беру әлі күнге дейін қасақана қорлау болып саналады.

Бұрындары мектеп кезінде солақайларды оң қолмен жазуға мәжбүрлеу кең етек алған еді. Мектеп табалдырығын енді аттаған бала әріп үйренумен қатар, сол қолмен жазбауға дағдылануға міндетті еді. Үйге келгенде ата-анасы сол қолын мойнына асып байлап қояды немесе қолғап кигізіп әурелейтін. Баланы қалай да оңқай етуге тырысатын. Мысалы, 19-ғасырда бірқатар мектептерде солақай балалардың сол қолдарын белдеріне байлап, олардың «оңқай» болуды үйренуден басқа амал қалмаған-ды. Оң қолмен ішіп-жеу, жазу-сызуды ата-бабамыз да қатты қолдаған. Оның басты себебі. Денсаулық, әдеп тұрғысынан еді.

1903 жылы Чезаре Ломброзо осы дискриминациялық көзқарастардың «ғылыми» негізін жариялады. Ол өзінің мақаласында: «Солақай адамдар оңқай адамадрға қарағанда 3 есе қылмыскер болып, көбінесе ұйқы проблемасы болып, содан зардап шегеді», - деп мәлімдеді. Содан уақыт өте келе, солақайлар әртүрлі психикалық ауруларға, атап айтқанда, шизофренияға бейім деген пікір таңыла бастады.

Таңқаларлығы сол – осы мәлімдемелерден бір ғасырдан астам уақыт өткенде солақайлар туралы көзқарас күрт өзгерді. Танымал психологтар солақайлар оңқайларға қарағанда анағұрлым талантты деп айта бастады. Сөйтіп қоғамда солақайлар талантты деген түсінік қалыптасты. Бұқаралық ақпарат құралдарында солақай адамдар оңқайларға қарағанда музыкаға әлдеқайда қабілетті, көлікті жақсырақ жүргізеді, шет тілдерін оңай меңгереді деп жиі айтылатын болды.

Енді сол солақайлық қалай пайда болады? Мамандардың айтуынша, мұның әртүрлі себебі бар. Соның ішінде ақиқатқа жанасатыны – екі пікір. Біріншісі – тұқымқуалаушылық, демек, ата-анасы немесе ата-бабасында осындай ерекшелік болса, ұрпағында да бұл жайт қайталанып отырады. Екіншісі – патологиялық себептерден орын алуы мүмкін. Нақты айтар болсақ, ананың босануы кезінде немесе сәби іште жатқан кезде әртүрлі жарақат алуы ықтимал. Соның салдарынан қимыл-әрекет пен қуат сол қолға беріліп, солақайлық дамуы мүмкін дейді мамандар. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, солақай болып туылған сәбилердің ми құрылымының дамуы алғашқыда баяу болып көрінеді, кейін уақыт өте келе бұл жағдай білінбей кетеді.

Қалай айтқанда да, көптеген зерттеулер нәтижесінде адамдардың солақай болып туылуы олардың психолоиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын білдіретін көрінеді.

Алайда осы мәлімдемелердің авторлары сол зерттеулер мен статистиканың сілтемесін бермеген. Ғылыми зерттеулердің сілтемесі берілсе, сол кезде мәлімет нақты әрі дәлелмен көрсетілген болар еді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: