11:43 Ғажайып ми | |
МИ ЖАҚСЫ КӨРУГЕ БАҒДАРЛАНҒАН «Ол қатыгез», «Ол тас жүрек адам», «ол ешкімді жақсы көрмейді» деген тіркестерді әлеуметтік желілерде, фильмдерде, кейде өмірде жиі естіп жатамыз. Алайда қазіргі заманғы неврология ғылымы мұның бос сөз екенін дәлелдеді. Яғни әрбір адамның миы жақсы көруге, сүйіспеншілікке қабілетті болып жаратылған екен. Чикаго университетінің танымдық және әлеуметтік нейробиология орталығының нейрохимия зертханасының басшысы Стефани Качиопо: «Адам сүйіспеншілік сезімін бастан өткерген кезде бүкіл ми іске қосылмайды, оның бір аймағы ғана іске қосылады. Бұл аймақ достық пен альтруизмге жауап береді, басқ адамдардың ниеттерін жақсы түсінуге көмектеседі. Мидың бұл аймағы барлық адамда бар, сондықтан сүйіспеншілік сезімі барлық адамның табиғатында бар. Бүкіл адам жақсы көруге қабілетті, - дейді. Сонымен қатар, махаббат пен құмарлық бір-бірінен ажырамайтын, бір-біріне тығыз байланысты сезімдер деген түсінік қалыптасқан. Бірақ іс жүзінде олай емес болып шықты. Бұған американдық нейробиолог люси Браун мен антрополог Хелен Фишердің тәжірибелері дәлел бола алады. Біз жақсы көретін адамдарымыздың суреті мен құмарлық тудыратын суреттерге қарағанда, мидың бір бөлігі емес, әртүрлі бөліктері іске қосылады екен. Алайда бұл махаббат пен ынтықтықтың арасында ортақ ештеңе жоқ дегенді білдірмейді. «Біздің зерттеуіміз махаббат қалаудан пайда болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Махаббат абстрактілі ұғым, сондықтан жағымды сенсорлық-моторлық сезімдердің бейнесі», - деп түсіндіреді Стефани Качиопо. Егер ми жақсы көруге, сүйіспеншілікке бағдарланған болса, онда неге арамызда тас жүрек болып көрінетін жалғыз өмір сүретін адамдар бар? Бұған Чикаго университетінің когнитивтік және әлеуметтік неврология орталығының жетекшісі Джон качиопо былай деп жауап береді: «Жалғыздық адамды сүйіспеншілікке итермелейді». Качиопо 1995 жылдары жалғыздық феноменін зерттеп бастаған кезде, бәлкім, бұл психикалық аурудың белгісі шығар деп ойлаған. Содан кейін бұл сезімнің адамды сүйіспеншілікке итермелейтінін ұғынғанын айтады. Бұдан шығаратын қорытынды, адамның миында сүйіспеншілік орталығы бар. Оның қалай басқарылатыны, қалай жұмыс істейтіні қазірге дейін беймәлім. Оны адамзатты махаббатпен жаратқан Алланың арнайы бағдарлағаны анық. Өйткені адам жақсы көру сезімінсіз, сүйіспеншіліксіз, махаббатсыз өмір сүре алмайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |