10:15 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ АРМАН мен МАҚСАТҚА ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? Менің сенімім басқа Егер сіз бизнесті ақшасыз және байланыссыз жасауға болмайды деп ойласаңыз, онда сіздің қолыңыздан ештеңе келмейді. Бірақ егер сіз бизнесті нөлден бастай алатыңызға сенімді болсаңыз, сіздің қолыңыздан бірдеңе жасау келеді. Ол үшін табысқа жеткендердің табысты болу тарихын оқыңыз және сәтсіздікке ұшырағандарды тыңдамаңыз. Сонда сізге керекті мысаладрға сенетін боласыз.
Мен көшіргенді жақсы көремін Сіз жаяу жүруді, сөйлесуді және одан да көп нәрсені қасыңыздғаы жақын адамдардан көшіру арқылы үйрендіңіз. Иә, қазір сіз басқаша үйренесіз. Бірақ көшіру әдетінен арылған жоқсыз. Дәл қазір сіздің қасыңызда кім бар? Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, бәрін солардан көшіретін боласыз. Сондықтан сіздің бойыңызда жаман мінезді, керітартапалықты, жағымсыз дағдыларды қалыптастыратын адамдарды сүзгіден өткізіп жүруге тырысыңыз. Әйтпесе дәл сондай адамға айналып кетуіңіз мүмкін. Сөз соңында айтарымыз, армандар орындалады. Ол үшін миды сендіріп, армандарыңызға бастар кішігірім қадамдар жасаңыз. Жаңа нәрселерге ұмтылып, көздегеніңізден бас тартпаңыз. Біздің бойымызда ашылмай, бұғып жатқан қаншама қабілеттеріміз бар. Соларды ашуға талпынып, үнемі жаңа дүниеге ұмтылған кезде ғана жетістік есігі ашылады.
Ақылды болу мидың салмағына байланысты ма? Ми орта есеппен 1-2 кг-ды құрайды. Әйелдерге қарағанда ерлердің миы ауырлау келеді, себебі ер адамдардың органдары ірі болғандықтан, үлкен басқару жүйесін талап етеді. Ал ақылды болу мидың салмағына байланысты ма? Әрине, бұған байланысты емес. тіпті атақты ғалымдардың миының өзі 1 кг-нан сәл ғана асқан. Сондықтан ақылдылық мидың салмағымен қлшенбейді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |