23:13 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ АРМАН мен МАҚСАТҚА ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? Өзгеруге құлықсыздық Адам 20 жасқа толғанда оның тұлғалық бейнесі, яғни «мені» қалыптасады. өмірден жиған белгілі бір тәжірибесі болады және көзқарасы қалыптасады. бұл өзгерістердің барлығын ми тура мағынада өзін-өзі өлтіру әрекеті ретінде қабылдайды. Яғни сізге енді жаңа нәрселер қорқынышты емес, сіздің «Меніңіздің» өзгеретіні қорқынышты болып көрінеді. Сондықтан өзгерістің сізді және өміріңізді қалай жақсартатынын ойлап, бірден іске кірісіңіз. Әйтпесе, «Адамдар жан-сарайын өзгерпейінше, Алла оларды өзгертпейді» аятының кейпін киетін боламыз. Яғни өміріңізде түк өзгеріс болмайды. «Баяғы жартас, сол жартас...» болып қала береді.
Жағымсыз тәжірибе Бірде оны көлік қағып кетті. Аяғы сынған соң, көліктерден қорқып жолдан өте алмай жүрді. Жолдан өту үшін психологиялық тұрғыдан көп жұмыс істеп, өзінің қорқынышын жеңуі керек болды. Сөйтіп жүргенде бір жерден тәжірибені қайталап жасап, қорқынышты жеңуге болатынын оқыды. Сол үшін өзін жолдан өтуге жаттықтыра бастады. Сол үшін өзін жолдан өтуге жаттықтыра бастады. Шамамен үш айдан кейін миы мұны еш қиындықсыз жасады. Себебі миында қорқыныштан арылуға көмектесетін жаңа тәжірибе пайда болды.
Мен бұны білемін Қазір ақпараттық ғасыр. Ақпарат алуға қатысты ешбір проблема жоқ. Бірақ әлеуметтік желілерді қарау және кітап оқу сіздің өміріңізді өзгертпейді. Өйткені сіз спорттың жақсы екенін 100 рет естідіңіз. Бірақ миыңыз сізге әркез былай дейді: «Оой, сен бұны онсыз да білесің. Сен мықтысың. Одан да жаңа нәрсе іздесейші». Бірақ білу мен істемеу дегеніміз – ол ештеңе білмейсің деген сөз. Сондықтан ештеңе білмейтініңізді ойланып, соған кірісіп, мүмкіндігіңізді қолдану – жетістікке жетудің жалғыз жолы. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |