10:46 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ АРМАН мен МАҚСАТҚА ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? Біз миды басқарамыз деп ойлаймыз, бірақ керісінше, кейде ми бізді басқарады. Кішігірім қалыптасқан нәрселер біздің мақсатқа жету жолындағы кедергілеріміз десек болады. Алдыңызға үлкен мақсат қоясыз, бірақ жете алмайсыз. Неге? өйткені бұған дейінгі бір мақсаттан келесі мақсатқа дейінгі аралықта ешқандай нейрондық байланыс жоқ. Нейрондық байланысты қалай қалыптастыруға болады? Ол кішігірім мақсаттар арқылы қалыптасады. кішігірім мақсатқа жеткеннен кейін ғана ми үлкен мақсатқа жетуге болатынына сенеді. Кішкентайдан басталған тұрақты іс-әрекет үлкен істерге жол ашады. Кейде кішігірім мақсатқа қол жеткізіп, нейрондық байланыс түзілсе де, алға қойған мақсаттарға беттей алмайтын кездер болады. Мұның себебі неде? Неге кейбіреулер парашютпен оңай секіреді, ал біреулер ұшаққа отырудан қорқады? Неліктен кейбіреулер миллионер болады, ал біреулер «жалақыдан жалақыға дейін» өмір сүреді? Неліктен кейбіреулер мықты инновациялық технологиялар жасап, жаңалық ашады, ал біреулердің жарты жолда тауы шағылады? Бұл бір жағынан Алланың жазмышына байланысты, алайда ең басты себеп адамның миында жатыр. Бұған дейін айтып өткеніміздей, нейрондық байланыс түзіліп, ми сеніп тұрса да, адамның мақсатына қадам басуы өте қиын. Бұл адамның ойлау жүйесіне байланысты. Адам ойын өзгертпейінше, ешқашан дұрыс шешім қабылдай алмайды. Батыл қадамға бара алмайды. Ешқашан арманына, көздеген мақсатына қол жеткізе алмайды. Ол үшін нені өзгерту керек?
Мидағы шектеулер Алла тағала адамның ессіз әрекеттер жасамауы үшін, миды өзін-өзі сақтандыруға бейім етіп жаратқан. Сондықтан ми жаңа нәрсенің бәрін сіздің өміріңізге қауіп төндіріп тұрғандай етіп қабылдайды. Алайда сіз жаңа нәрсеге ұмтылмай ешқашан жетістікке жете алмайсыз. Сондықтан осы сигналдарды елемей, алға ұмтылыңыз. Ақыр соңында, жаңа нәрсенің бәрі үйреншікті нәрсеге айналады.
Миға мотивация, шабыт керек Бір нәрсе істеу үшін сізге энергия қажет, яғни мотивация мен шабыт. Олар адамның денесі, ақылы, рухы – үшеуі бір нәрсені қалаған кезде пайда болады. Сондықтан көптеген адамдар миллионер болғысы келеді, бірақ бірен-саран адам ғана миллионер болады. Себебі қалаудың «үш тағаны» жоқ. Ми ақшаның көп болғанын қалайды. Ал жан үшін бұл түрлі түсті қағаздан басқа ештеңе емес. сондықтан адамда жалқаулық пен керітартпалық пайда болады. Сондықтан тәніңізге, жаныңызға, миыңызға ұнайтын нәрсені жасауға ұмтылыңыз. Сонда жетістікке жетесіз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |