23:49
Ғажайып ми

МИ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Гарвардтың нейробиологі Лиа Сомервиль мидың қалай дамитынын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасаған. nytstyle.com сайтында жарияланған зерттеуде, оның айтуынша, «Ми – субъект. Оның қалай дамитынын білсең, көптеген заңды құбылыстардың да шешімін табуың мүмкін».

Доктор самервильдің зерттеу нысаны: «мидың даму жолын немесе кезеңін анықтау, мидың дамуы адамның жасына қаншалықты әсер етеді» соны анықтау болған. Зерттеуші «ми қызметі қашан тоқтайды? Қашанға дейін дамиды?» деген сұрақтарға жиі тап болатынын айтып, «мен олардың сұрағын қанағаттандырмайтын жауап қайтарамын» дейді.

Ғалымның айтуынша, жалпы, адам баласының миы, ересек адамдардың миының көлеміндей болып, 10 жасында қалыптасады. Бірақ осы қалыптасу процесін жүзеге асыратын нейрондар миды жыл сайын өзгертіп отырады. Көршілес нейрондармен байланыс үзіледі де, мидың басқа бөлігімен байланыса бастайды. Соңына келгенде, яғни, ми жетіле бастағанда, бұл өзгерістер бәсеңдейді. Яғни, мидың қалыптасуы ерте дегенде 20 жаста, кейбірінде 30, не одан асқан жасында толық аяқталады.

Алайда бұл көзқарас таласты. Ғалымдардың көпшілігі бұл тұжырыммен келіспейді. Олардың пікірінше, адам дүниеге келгеннен кейін 1 жасқа дейін миы өте белсенді дамиды. 1 жастан кейін 7 жасқа дейін баяу дамиды. Осы кезең – мидың толық функциялары қалыптасып бітетін кезең. Содан кейін адамның өзін дамытуына байланысты дамиды.

Ми 5 бөліктен тұрады:

  1. Маңдай бөлігі (ерікті қозғалыстарға, мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап береді);
  2. Төбе бөлігі (қозғалыстарды басқару және сенсорлық стимулдау реакциясы қызметін атқарады);
  3. Шүйде бөлігі (көруді қабылдау қызметіне жауап береді);
  4. Самай бөлігі (есту, сөйлеу, сөздерді есте сақтау, ішкі ағза қызметтеріне жауап береді);
  5. Мишық (тепе-теңдікке жауап береді).

Ми қыртысы – адамның үлкен ми сыңарларын қоршап тұратын қабық. Ми қыртыстары біздің ағзамызға, өмірімізге қажетті функцияларды атқарады. Жоғарыда айтқандай, есту, сөйлеу, көру, жазу, ойлау, санау, интеллект, саналы ойлау, бейсана, түпкі сана осы ми қыртысында орналасқан. Осы функциялар туа пайда бола ма? Оның негізі жаратылыстан беріледі. Бірақ өмір сүре келе дамиды. Мысалы, сіз дүниеге келе салып, сөйлеп, санап кеткен баланы кездестірдіңіз бе? Дүниеге келе салып сөйлеп кеткен бала тек Иса пайғамбар ғана. Алланың құдіретімен оған дүниеге келе салып, сәби кезінде тіл біткен. Мұндай жағдай қайталанбайды деуден аулақпыз. Алла қаласа, бәрі болуы мүмкін. Алайда бұл жерде өмір сүре келе дамитын мидың функциялары туралы айтылып тұр.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: