08:37
Ғажайып ми

МИ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ми – құрылысы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да өте күрделі мүше. Ол – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін басты орталық.

Ми – адамның ойлау жүйесі мен сана-сезімін басқарады. Адамзат жаратылғалы бері қаншама ғасыр өткенімен, ғалымдар әлі күнге дейін осы ми деген таңғажайып жаратылысты тынбай зерттеумен келеді. Әзірге қолда бар деректер мыналар: кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бөліктері нашар көрінеді. Сондықтан одан мидың анық бөліктерін байқа мүмкін емес.

Адамның ойлау қабілеті, саналы іс-әрекеті тікелей миға байланысты. Ми ешқашан да демалмайды. Тіпті түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті мидың қызметіне қызыпаған ғалым жоқ. Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «ми қызметінің мәнін түсіну – маған және менің көптеген әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Бір ұлы ғалымның сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді».

Орташа алғанда, ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы бөлігін алып жатады.

Мидың көпшілік бөлігі көз деңгейінен жоғары орналасады.

Мидың оннан тоғыз бөлігі – екі үлкен жарты шардан тұратын күмбез. Оның ішінде ганглиялар деп аталатын шар тәрізді бөліктер орналасады.

Ми қабатындағы әрбір жердің сезім мүшелерінен келетін, не болмаса бұлшық еттерге бағытталған жүйке дабылдарымен қатысы болады. Мида жүз миллионға жуық жүйке жасушасы болады. Ми денемен жұлын арқылы байланысады.

Мидың жүз миллион жасушасын қосқанда жүз миллиард жүйке жасушасы болады.

Әрбір жасушаның атқаратын жеке өз қызметі бар. Дененің өз «интернет» желісі бар. Ол жүйке деп аталатын мыңдаған өзектер арқылы миллиондаған дабыл жібереді: жүздеген ағзалар арасындағы әрбір тарапқа, өзге ағзаларды бақылайтын ағзалардан миға дабыл жібереді.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: