АДАМНЫҢ МИЫ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 40 АҚПАРАТ
- Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.
- Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызды жаңа іске қосасыз.
- Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады.
- Көзіміз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі (күніне, шамамен, 20000 рет).
- Күлкі қарапайым қозғалыс емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.
- Адамның ойына келеті ойлардың орташа саны 70000.
- Гипоталамус, алдыңғы мидың бөлігі, термостат сияқты температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты температурасы қанша болу керектігін біледі (98,6 Фаренгейт, 37 Цельсий бойынша). Егер денеңізге тым сытқы болса, гипоталамус оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. Терлеу мен дірілдеу арқылы дене температураны реттейді.
- Күніне 85000 ми қабыының нейрондары мида жоғалып кетеді. Қуанышқа орай, бұл – білінбейтін залал.
- Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл.
- Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге арналған пышақпен де кесуге болады.
- Мида 100000 миль қан таситын қан тамырлар бар.
- Бас қалалардың барлық көшелерін білетін жүргізушілердің гиппокампі үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты көп жаттайтын адамдардың миының бір бөлігі өсе береді екен.
- Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі.
- Біздің миымыз бізді жиі алдайды. Ол заттарды шындыққа сай емес, басқаша қабылдай алады.
- Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма пайызын пайдаланады. Тіпті аш болған сәтіміздің өзінде де, ми ағзамыздағы қоректік заттардың көптеген мөлшерін тұтынады екен. Қажетті мөлшерде тамақтанбаған бала салмағының 50 пайызын жоғалтса, ал ми өз салмағының тек 15 пайызын ғана жоғалтады екен.
- Ми ешқашан да ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, күндізгі уақыттан гөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады.
- Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі ер адамдардың әңгімесін қабылдау жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың әр бөлігіне әртүрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан, оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады.
- Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай-ақ ғалымдардың анықтауынша, ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.
- Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса, жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезде бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.
- Оянғаннан кейін ми энергия бөледі. Салыстырмалы түрде алсақ, ол кішкентай шамның жұмысы үшін жеткілікті болады екен.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|