АДАМНЫҢ МИЫ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 40 АҚПАРАТ
- Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия алады. Миға оттегі аз түссе, есіней бастайды. Егер де көп түссе, біз өзімізді сергек сезінеміз.
- Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.
- Өте ауыр стресс ми жасушаларының қызметі мен құрылысын өзгерте алады. Мәселен, кейбір адамдар ауыр стрессті басынан өткеріп, үздік туындыларын жасаса, өзгелер өз өмірімен қоштасып жатады.
- Интеллекті жоғары адамдар интеллекті төмен адамдарға қарағанда ми ауруына аз шалдығады.
- Ағзамызға түсетін тағам мидың жұмысына әсер етеді. Ғалымдар тағамның құрамында консерванттар, жасанды амартизаторлар мен бояғыштар бар өнімді қолданбауға кеңес береді.
- Дәрігерлер ауырған кезде суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі мидың 75%-ы судан тұрады.
- Мидың жұмысын жақсарту үшін кітап оқып, математикалық есептерді шығару керек. Сол арқылы өмір бойы мидың жақсы жұмысын қамтамасыз етуге болады.
- Ми – адам мүшесінің ең майлы жері, оның 60%-ын май құрайды.
- Жүктіліктің ерте кезеңінде нейрондар минутына 250000 жылдамдықпен дамиды.
- Ми қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.
- Алкоголь өнімдері нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды.
- Дауыстап оқу, кішкентай баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.
- Әртүрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әртүрлі беріледі. Барлық нейрондар бірдей емес. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттардың ең баяуы 0,5 м/сек, ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.
- Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай дамытатындығын көрсетеді.
- Мидың не сол бөлігі, не оң бөлігі ғана жұмыс істемейді, олар әр кез бірлесе жұмыс істейді.
- Бес жасқа дейін екі тіл білген баланың ми құрылысы өзгеріп, кейін ондағы сұр зат тығыз болады.
- Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады (шамамен 268 км/сағ).
- Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең.
- Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар.
- Нью-Йорктегі миллион студентті түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ-і 14% жоғары нәтиже көрсетті.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|