00:20 Қазақтық | |
ТҮЙЕШЕШПЕК Түйешешпек – қазақ халқының өте ертеден келе жатқан тұрмыстық ойындарының бір түрі. Ойын шарты бойынша үстіне қалы кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп жетктеп әкетуі керек. Ойынға тек жас келіншек шығады. Өткен ғасырда Ұлытау баурайында болған аста «түйешешпекке» шыққан әйел «үлкендеріңнің көрген жерің, кішілеріңнің туған жерің» деп келіп, шөккен түйенің бұйдасын тісімен шешіп әкетеді. Арқада өткен бір аста түйені шешпекке шыққан жас келіншек тәнін қолаң шашымен жауып, түйені жетектеп кеткен. Сол кезде түйені тіккен жақ «жалаңаш шықпады» деп дау шығарып, биге жүгінеді. Сонда әділ би: «Шаш әйелдің Құдай жаратқан мүшесінің бірі, оған дау жүрмейді», - деп әділ шешім айтады. Ойынның бұл түрі оңтүстікте «тайлақ шешпек» деп аталады. 1914 жылы Қаратау – Қазығұрт елінде аса қадірлі сопыбек датқа асында осы салтқа айымбала деген жесір әйел қатысып, тайлақты шешіп алған. Кей жерлерде бұл салт «түйін шешпек» деп те аталады. Түйе шешепектің тұрмыстық ойын атануының да өзіндік сыры бар. Бұл ойынға көбінде жесір, не қаратабан кедей адамдар шығатын болған. Ондағы мақсат, түйе үстіне артылған қымбат бағалы бұйымдарды алып, өз тұрмысын түзеуге деген тәуекел. Бұл ойынға шыққан келіншектерді халықтың күстаналамайтыны , ұят санамайтыны, «қарабет» деп келекелемейтіні де сондықтан.
Психологиялық мәні: «Түйешешпек» үстіртін қарағанда әдепсіздік пен көргенсіздіктің көрінісі, мал үшін шешінуден тайынбағандықтың белгісі болып көрінеді. Тереңірек үңілсек, бірнеше мағынаны аңғаруға болады. Біріншіден, жесір немесе қаратабан кедей өзінің тәнін пайдалана отырып, адам баласының бұл өмірге «жалаңаш» (ауыспалы маңғынада) келгендігін жария етеді. Адам дүниеге жалаңаш келетіндігі және дүниеден жалаңаш озатындығы белгілі. Дүниеге келгендегі және кеткендегі жалаңаштық – мақсатсыз, бірақ мәні терең жалаңаштық. Бұл жалаңаштық шарасыздық пен әлсіздіктің, адамның жалғыздығының белгісі. Өзі жесір, өзі тақыр кедейдің жалаңаштануының астарында ағайын мен тумаға өзінің жалғыз қалғандығын, өзінің әлсіздігі мен мұқтаждығын, шарасыздығын ыммен түсіндіргені байқалады. «Түйешешпек» барысында жалаңаштану оңай дүние емес. Адамға батылдық керек. Бұған итермелейтін адамның «жалаңаш» қалғаны, жесірдің қорғансыз қалуы, егер де ертеректе асыраушы міндеті тек ер адамға жүктелгенін ескерсек, жалаңаштану – асыраушыдан айрылуды білдіреді. Алайда, жесір қорғансыздығы, жалғыздығы, асыраушысынан айрылғанына қарамастан, алақан жаймайды; арланады. Тіске басары болмаған жесір немесе тақыр кедей бұндай күй кешкенде түйенің бұйдасын шешіп, жалаңаштығын «жамайды». Халқымыз түйенің бұйдасын жалаңаштанып, тісімен шешкен жесір мен кедейге неге ләм-мим демеген? Бұның де өз себебі бар. Алдымен, жесірін жылатпаған қазақ үшін жақынның жалаңаштануы – жалаңаштанған адамның ар-ұятына қатысты материалдық тұрғыда жалаңаштанған адамның үстіндегі лыпасын шешіп жалаңаштануына жеткізуі – тумалары үшін сын. Оған қоса, «түйе шешу» барысында түйенің бұйдасы, яғни күрмеу шешіледі. Бұл арқылы халқымыздың адам өміріндегі ең ауыр күрмеуді өз тісімен шешеіп, өз тіршілігін өзі жалғастыруға ниет еткенін қалағанын көреміз. «Түйе шешуді» неліктен халық салт немесе жоралғы емес, ойынға айналдырған? Психологиялық тұрғыдан бұл жерден көретініміз – «түйешешпек» кең таралатын дүние болмауы керек. Адамдар арақатынасындағы үйреншікті де дүние болмауы керек. Ал ойын – тазалықтың белгісі. Ал тазалық ойын арқылы ғана емделеді. Мысалы, қазіргі таңда 10-11 жасқа дейінгі балалардың бойындағы бұзылыстардың көпшілігін ойын психотерапиясы арқылы анықтап, арылтуға әрекет етеміз. Сондықтан, «түйе шешудің» ойын ретінде қалыптасуы – оның мұнтаздай тазалығынан хабар береді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |