23:51
Қазақтық

ТОҚЫМҚАҒАР

Тоқымқағар – ойын-сауық, салт ойыны.

Көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып, «Тоқымқағар» ойынын өткізген.

Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айтысқан.

Бұрын Еуропа елдерінде атқа мінуді әскери адамдарға үйретсе, біздің көшпелі ата-бабамыз балаларын кішкентай кезінен жылқыға мінгізетін. Қазіргі кезде де үлкен бәйгелерде жас балаларға аттың тізгіні сеніп тапсырыылады. Бірақ жас шабандоз қайсар, төзімді, жауынгерлік рухы және қанында атқа құмарлығы болуға тиіс. Бұрынғы кезде қазақ отбасында ұл бала туылса, оған арналып түрлі дәстүрлер орындалатын. Кейбір дәстүрлер қазіргі кезге дейін сақталып келе жатыр. Ұл бала туылғанда, оның бесігіне жігітке тән заттарды іліп қояды. Мысал ретінде қамшыны және пышақты келтірсе болады. Бұның бәрі бала өскенде батыр, мықты, берік, қайсар болсын деген ниетпен істеледі.

Қазіргі уақытта ұмытылып бара жатқан салттар да бар. Мысалы, бұрынғы заманда баланы беделді кісінің үзеңгісінен өткізіп, оның батасын алған. Ал өскенде ол кімнің үзеңгісінің астынан өткенін айтқан. Осындай абырой балаға жауапкершілік болып, оны жаман істерден сақтаған.

Кейін бала 3-4 жасқа келгенде оны ашамайға мінгізеді. Осы жастан бастап бала атқа міне бастайды. Атқа мінуді толық меңгерген уақытта, оған тағы да бір дәстүр арналады. Ол дәстүрдің аты – Тоқымқағар. Осы дәстүр бала бірінші рет өз үйінен басқа жаққа сапарға шыққан кезде жасалады. Бала сапарға шығуға дайын болғнда, оның әкесі ауылдың кісілерін шақырады. Дастарқан жайылып, шай-тамақ ішеді. Кейін үлкен ақсақал балаға бата беріп, тілеу айтып, оны шығарып салады.

Ат жалын тартып мініп, қолына тізгін ұстаған балаға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол атын өзі жүргізіп, бірінші сапар жасайды. Ол уақытта адамдар ұзаққа сапар жасайтын. Бұның астырнда еңбекқорлыққа баулу, жылқыны өмірлік серік ретінде құрметтеу жатыр. Осы уақыттан бастап баланың өмірі қартайғанға шейін жылқымен байланыста болады.

Қазіргі кезде бұл дәстүр ұмытылған деуге де болады.

 

Психологиялық мәні:

Тоқымқағардың мазмұны үйден жыраққа алғаш рет шыққан ұл мен жат жұртын өз жұртына айналдырған қыздың жеке бас деңгейіндегі даралығы және әлеуметтік тұрғыдағы орнын мойындауы.

Тоқымқағар халқымыздағы бала тәрбиесінде бос әурешілік пен мағынасыздықтың болмағандығын көрсетеді. Балаға шарасыздық пен әлімжеттік жасау арқылы емес, оны адамдық пен өмірлік сапарына қажетті барлық қабілетті бойына жинауға назар салғанын ұғамыз.

Тоқымқағар жат жұрттық болған қыздың өз орнын тапанын мойындауы. Сонымен бірге, қызды ұясынан ұшырып, өз орнына шығарып салған соң тоқымын қағып, тазалап, қызды шығарып салу рәсімдерінің толық аяқталғанын, ендігі жерде оның барған үйіне «тастай батып, судай сіңуіне», өз өмірін жалғастыруына тілек тілегендігін білдіреді.

Ал ұл тәрбиесіндегі тоқымқағардың мағынасы да осы жобалас. Ұл бала туылғаннан бастап, оның өмірлік міндеттері түздегі жолымен байланысты екендігі мойындалады. Сөйтіп, 3-4 жасқа келген оны ашамайға мінгізеді. Осы жастан бастап бала атқа міне бастайды. Атқа мінуді толық меңгерген тұсында тоқымқағар жаслауының астарында – ұл баланың тағдырың түздік екендігін, жортар жолының, сапарларының көп екендігін балаға ыммен жеткізуі және батамен толықтыруы жатыр.

Ұл балаға қатысты тоқымқағардың тап осы жаста жасалуының мәні бар. Тап осы жаста баланың есеюі басталады. Э.Эриксон осы жасты адам болмысының өзіндік анықталуы мен жеке даралықтың қалыптасу кезеңі деп таныған. Яғни, қыз баланы кәмелетіне толып, жат жұрттық болған кезінде психологиялық кіндігі кесіліп, өмірді жалғастырудағы болмыстық ерекшелігі мойындалса, ер балаларға қатысты жасында алғашқы сапарына аттандырып, оның түздегі, отаны мен жерін қорғаудағы өз орнын, ер азығының түзде екендігін бойына сіңірген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 56 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: