22:16
Қазақтық

СӘЛЕМ БЕРМЕУ

 Сәлем бермеу – өлік шыққан үйде жасалатын ырым-жоралғылардың бірі.

«Сәлем – сөздің анасы» дейтін халқымыз үшін сәлем бермеу не берген сәлемді алмау өте тәрбиесіздікті білдіреді. Сәлем бермегені үшін қариялар жастарды жазғырып, «тексіз», «тәрбиесіз», «жетесіз» деп санаған.

Ал қалыпты тіршілікте сәлем бермеген адамды кінәлайтын халқымыз, бір жағдайда ғана сәлем бермеген кісіге кешіріммен қараған. Ол – өлік шыққан үйдің адамдарына қатысты.

Мәйітті жерлейтін күні ерлер ерлерге сәлем бермейді. Әйелдер сәлем беретін кісілерді көрсе де сәлем салмайды. Бұл өлімге аза тұтуды, қазаның ауырлығын байқатады.  

 

Психологиялық мәні:

Сәлемдесу арқылы адамдар бір-біріне ашықтығын, жылы шырайын, қарым-қатынасқа дайындығы мен оны жалғастыруды көздейді. Сәлемдесу арқылы бір адам екінші адаммен қарым-қатынасқа түсіп, біріне-бірі ашылады, беріледі. Сәлемдесу арқылы адам қатынасқа, аралас-құралас болуға мойынсынады, бас иеді, келіседі.

Мәйітті жерлейтін күні, жалпы қазаға байланысты қайғырудың алғашқы кезеңі – есеңгіреуді басынан өткеру үстіндегі адам біреуді көрмек түгілі, оған жылы шырай танытпақ түгілі, өзін сезінбей жүретін халде болатындығын ескерсе керек.

Сонымен бірге, мәйітті жерлейтін күні сәлемдесудің болмауы, сәлемнің берілмегені және қайтыс болған адамның артында қалған туыстарының өзгемен сәлемдеспеуінің себебі – сәлемдесудің мазмұнымен тығыз байланысты.

Мәйітті жерлеу – жақсы хабар емес, таратуға тұрарлық дүние емес. Сондықтан қаралы жағдай осы отбасыдан ары қарай тарамасын деген ниет байқалады. Бұл қарым-қатынасты ең басты құндылық еткен және «көңілі бір атым насыбайдан» қалатын халқымыздың өзара өлімнің емес, өміршеңдіктің таралғандығын қалайтындығы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: