11:09
Қазақтық

КҮЙЕУ ҚАЛУ

 Күйеу қалу – қайтыс болған адамның күйеу балаларының атқаратын міндеті.

Қазақ қалжыңмен болсын, «күйеу атымен күл тасы» дейді. Яғни, күйеу балалар қайын жұрттың қызметіне әр кез дайын тұру керек деген ұғым. Ал кісі қаза болып, көңіл қаяулы, көкірек шерлі болып жатқанда сол әулеттің «отымен кіріп, күлімен шығу» кез келген күйеудің міндеті.

Сол себепті де көбінесе мәйітті жерлеуге алып жүргенде күйеу балалар үйде қалады. Олар негізінен сүйек үйден шығып кеткеннен кейін көңіл айта келушілерді қарсы алады. Әрі мәйітті жатқызған жерді тазалап қазық қағады. Әдетте мәйітке сырттан үй тігіп, осы орнынан шығарған болса, мәйітті жатқызған жерді тазалап, оның бас жағына екі қазық, аяқ жағына бір қазық қағып оңашалайды. Бұлай істеу адам басып дәрет сындырып, қоқыс төгіп, ластаудың алдын алу. Ондай жерлерге ағаш егіп оңашалап қоятындар да бар.

Сондай-ақ, кісі жерлеуге кеткендер келіп, марқұмның қоақ асына сойылған жылқы етінен дәм татып, жоқтау айтып, қайғылы болып жатқан жандарға басу айтады. Осы кезде ас-суға да күйеу балалар жауап беретін болған. Осы кезде ас-суға да күйеу балалар жауап беретін болған. Қазақтың осы салтын «күйеу қалу» деп атаған.

 

Психологиялық мәні:

Күйеу бала – қайтыс болған адамның қызына үйленген жан. Яғни, қайтыс болған адамның қызы осы жігіттің әулетінің өміріне, оны жалғастыруға «қызмет етуші» «өміршеңдіктің иесі». Сондықтан, күйеу жігіттің қайын жұртындағы өлім барысында қызмет етуі – өлімді өміршеңдіктің қабылдауы, сонымен бірге, өміршеңдіктің жеңуінен үмітті білдіреді.

Сүйек үйден шығып кеткеннен кейін көңіл айтуға келушілерді өмір қарсы алады; мәйітті жатқызған жерді күйеудің тазалағаны – өлім болған жерде өміршеңдіктің із қалдырғаны. Ағаш егу де осы өміршеңдіктің жеңуінен үміттің белгісі.

Сонымен бірге, күйеу жігіт қаралы жағдай болған үйге қаны бір туыс емес, басқа әулеттен. Сондықтан, оның бойында қатты қайғыру сезімдері болмауы мүмкін. Бұл оларға қайын жұрты қайғырып, қаралы жағдайды басынан кешіріп отырғанда, белінің бекем болуына, ас-суға жауап беріп, жұбату мен жанашырлық танытуға мүмкіндік береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: