22:24
Қазақтық

КҮРЕК ЖАҢҒЫРТУ

 Күрек жаңғырту – көр қазған құрал-сайманды тазалау.

Қазақта өлімге қатысты шектеулер, тыйымдар, ырымдар өте көп. Соның бірі «ескіні жаңғыртпа!» деген тыйым. Әсіресе бұрыннан пайдаланып жүрген, қолданыстағы құрал-сайман, балта-балға, тырма-кетпеннің сабын жаңғыртуға болмайды. Бұл әрекет, яғни ескіні жаңғырту бір ғана жағдайда – өлікті жерлеп болған соң жасалады.

Мәйітті жерлеп болып, жамағат қайта бергенде, көз қазуға пайдаланған саймандарды, бір-біріне ұрғылап, дауысын шығарып, жабысқан топырақты тазалайды, күректердің сабын жонып жаңғыртады.

Бұл ырымның астарында «кеткенді келтіре алмасақ та, артында қалған ескіні жаңғыртып, тірлікті жалғастыра  береміз» деген ой жатыр.

 

Психологиялық мәні:

Халқымыздың талқылататын қазаға байланысты салттары, тыйымдары мен жосықтарынан өмірлік бағдарды өлімге емес, өмірге бағыттауды көрмеіз. Күрек жаңғырту осының дәлелі. Көр қазған және сүйек көмген күректің де қайта жаңғыруын талап етудің астарынан – өмір мен тіршіліктің жеңгенін қалауды аңғарамыз.

«Тіршілік иелерінің арасында тек адам ғана қайтыс болған адамды көмеді» - деп жазады қайғыны бастан өткерудің негіздерін терең зерттеге орыс ғалымы Ф.василюк. оның пікірінше, қайтқан адамға қайғыру және оған көр қазып жерлеу – адамшылықтың белгісі, адамнан өзге жан иесі мұндай әрекет жасамайды. Сондықтан да, жерлеу дегеніміздің өзі адамшылықты танытады. Алайда жерлеу деген адамды жай ғана көміп тастау емес. Физикалық денені жасырғанмен, оның өзін жадында, жүректе сақтау. Адам қайғысы қайтыс болғанды ұмытуды, жоюды қажет етпейді. Оны естелікке айналдыруды, естелік деңгейінде қарым-қатынас орнатуды қажет етеді.

Тап сол сияқты, халқымыз адам түгіл көр қазып, мәйітті жерлеуде қолданылған жансыз зат – күректің өзін жаңғырту арқылы, жақынын жерлеген адамға да күрек сияқты бір жыл ішінде қайта түлеп, тіршілікке назарын аударып, өмірін қайта жалғастыруы керектігін жеткізген.

Сонымен бірге, күрек жаңғырту арқылы халқымыздың қоштасу үрдісіне қатты көңіл бөлгенін аңғарамыз. Сүйекті жер қойнына тапсырғаннан кейін күректерді бір-біріне қағыстырып, оның «бойында» қалған топырақпен қоштасып, тазалаған. Сол сияқты, қазаны басынан кешіріп отырған адамның бойындағы бар қайғысын басып тастамай, одан арылып, қайта жаңғырып, қайта тіршілігіне оралуынан үміт күткен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: