11:46
Қазақтық

ТОҚТАУ АЙТУ

Қазақ халқы жылағанды жұбатып, мұңайғанның көңілін көтеріп, сергітіп, оларды қайғы-қасіреттен айықтыруды өздерінің адамдық және азаматтық парызы санайды. Сондықтан да жылап-саықтап, қайғы-қасірет шеккендерді көргенде жаны ашып, оларға қолдарынан келгенше көмек көрсетеді. Әсіресе, өлім-жітім жағдайында қабырғалары сөгіле жылағандарға әлсін-әлсін «тоқтау қылыңдар, қайрат қылыңдар» деп, жылауын тоқтатып, жұбатып отырады.

Қаралы жиында жылап-сықтағандарға тоқтау айтпауды – көргенсіз, тәрбиесіз, білімсіз, тіпті, «өлімімзге сүйінді» деп қатты сөккен.

Басы қаралы, жүрегі жаралы адамдарға тоқтау айтып жұбатып, қайрат берер қанатты сөз ұйқастарымен айтылатын тоқтау – марқұмның артында қалған бала-шағалары мен жанашыр жақындарына үлкен медеу, зор қайрат болады. Әрі қайғы-қасіретін жеңілдетеді. Өмірге деген сенімдерін арттырып, жігерлендіреді. Өмірге деген сенімдерін арттырып, жігерлендіреді. Адамдар арасында достық сүйіспеншілікті тереңдетіп, қоғамдық қарым-қатынастарын кеңейтеді.

 

Психологиялық мәні:

Тоқтау айтудың мазмұны болып жатқан құбылысты тоқтатуға саяды.

Психологиялық кеңес беру барысында жылаған мен мұңайғанды, қайғы-қасірет шеккендерді тоқтатудың өзіндік жолдары бар.

Біріншіден, тоқтату алдау емес. Яғни қайғымен қан жұтып отырған адамды басқа іспен алдаусырату арқылы, оның қайғысын тоқтатпаймыз, қайғының бойда қалуына көмектесеміз. Сондықтан, мұңайтып отырған адамды мұңынан алыстатуға болмайды.

Екіншіден, тоқтату мұңайған адаммен бірге мұңмен күресу емес. Бұл кезде мұң сейілмейді, адам өз бойымен өзі күреседі, бұл күресте арпалыстан адам шаршайды.

Үшіншіден, тоқтату – мұңды басу емес. Басылған зат өздігінен кетпейді, бір күні шығары сөзсіз.

Сондықтан, мұңы сейілмей отырған адамға тоқтау айту деген, тура мағынада адамды тоқтату. Маған маман ретінде көмек сұрап келген адамды мұңын айтып болған соң, оның мұңын емес, өзін «тоқтай тұрыңыз» деп тоқтатамын. «Тоқтай тұрыңыз, ал енді мұңыңызға үңілейік» деп мұңына үңілеміз. Оның қайғысы неге байланысты? Мәселеге үстірт қарамай, мұңға сүңгиміз.

Мысалы, сатқындық мәселесімен зар еңіреп біреу келді делік. Бұл адамға ештеңе болмағандай, бар өмірің алда деп іштегі бар қайғысын басып тастауға болмайды. Оған «сізді біреу сатып кетті, бұл сізге ауыр тиді. Сізге мұңын айтқан «бұлақ» не айтқысы келді екен?» деп оның «мұң бұлағына» кемінде бір сағат «шомыламыз».

Кез келген сезімнің, оның ішінде қайғы мен мұңның бұлағы кім деп ойлайсыз? Әрине, адамның өзі. Яғни, мұң артынан адамның өзін табамыз. Мұң артынан немесе «мұң бұлағы» ретінде адамның өзін тапқан кезде мұң мен қайғы азаяды. Қайғы азайса, адам кемелденіп, өз мұңынан арылу өз қолынан келетіндігіне сене бастайды.

Қайғы-мұң арқылы адам өзі жоғалтқан құндылығын жоқтайды. Жоғарыда айтқанымыздай сатқындық барысында біреуге сенуден қалғандығын жоқтайды. Ал осы кезде адамның бойындағы мұңның бұлағы сенімнің бұлағын жоя алмайтындығына көзін жеткізеді.

Тоқтауды адамның өзінен бұрын өзгенің айтқаны, әсіресе маманнның айтқаны дұрыс. Бойын мұң торлаған адам бар күшін мұңмен күреске арнайды. Осы кезде, мұңды емес, адамды тоқтатып, оған мұңнан арылуға ресурстарын жинауқтауына көмектесу қажет.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: