23:33
Қазақтық

МҮШЕ АЛЫП ҚАШУ

Табақ алып қашу – өте ертеден келе жатқан көне ойындардың бірі.

Бұл ойын да ат үстінде ойналады. Ойын негізі өмір шындығынан туған. Үлкен тойларда немесе атақты кісілердің асында халық көп жиналып, көп үй тігіледі. Сол жиылған көп халықты тамақтандыру, ас беріп күту қажет. Ол үшін сандаған мал сойылып, тай қазандар көтеріліп, ет асылған. Сол тамақты бас-аяғы ат шаптырым ұлан-ғайыр жұртқа, жаяу тасып жеткізу мүмкін болмаған. Сондықтан етті үйді-үйге (киіз үйлерге) салт атты жігіттер жеткізіп беріп тұрған.

Ал шауып келе жатқан аттың үстінде, қолына табақ толы ет көтеріп, оны төкпей-шашпай, апаратын жеріне дұрыстап жеткізіп берудің өзі үлкен өнер. Осыны дұрыс орындап шығу үшін, той болардан көп бұрын, той, не ас беретін елдің азаматтары әзірлік ретінде табақ алып қашу ойынын тауып, жаттығу ретінде ойнайтын болған. Келе-келе ол жалпы халықтық ойынға айналған.

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Салт аттылар алаңға жиылып, араларынан біреуін табақ алып қашушы етіп тағайындайды. Ол табаққа салынған затты алып қашады. Қуып жеткен ойыншы одан табақты алып, бұрын белгілеген жерге жеткізуге тырысады. Табақты белгілеген жерге кім бұрын жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Табақты бермес үшін жалт бұрылу, бұлтара шабу сияқты түрлі амал-айла қолданылады. Табақ қолдан-қолға ауысады. Бірақ табаққа салынған зат түспеуі керек. Ол әлденеше қайталанып ойналады. Мүше алып қашу не табақ алып қашу ойынына епті жігіттер, сужорға аттар қатысқан.

 

Психологиялық мәні:

«Табақ алып қашу» ойыны арқылы, алыдмен, халқымыздың тұрмыс тіршілігін, ұлттық болмысын құрайтын көңілінің кеңдігі мен қолының ашықтығын, жомарттығы мен той арқылы жақсылыққа ұмтылғандығын, қонақжайлылығын көреміз. Сонымен бірге, той – жайдан-жай шашып төгілу емес, тойдың көбінесе адам өмірінде кездесетін, оның ғұмырлық жолымен байланысты жасалғандығын ескерсек, халқымыздың той арқылы әр адамға сыйластықпен, құрметпен қарағанын көруге болады.

Ойынның келесі сипаты – тойда жақсы қызмет етуді «сылтауратып», кез келген жасөспірім мен бозбаланың денсаулығы мен психомотрлы дамуын жастайынан қамтамасыз еткендігін ұққан жөн.

Психомоторлы даму неліктен ат үстінде болады? Себебі жылқы – адам сенім артатын серік және бес түліктің ішіндегі қарым-қатынасты терең түсінетін бірегейі.

Жылқы – ғылымда психиканың интеллектуалдық дамуы деңгейіне ие жануар. Әрі жылқының психикалық даму сатысы – объектілерді тану, болған оқиғалар арасындағы кеңістік пен уақыт байланыстарын орната алу, өзін және басқа объектілерді көру, топ болып жүру басырында арақашықтықты, жылдамдықты сақтау, бейнелерді ажырата алу сынды қабілеттерге ие. Сонымен бірге, ортамен байланыста манипуляциялық, әдістер арқылы қарым-қатынасқа түспейтіні белгілі. Бұл қабілеттер дүниеге келген соң жетіліп, үйрету барысында болады.

Сондай-ақ, ана мен бала арасындағы жақындық деңгейі жоғары болатындығы белгілі. Қазір ғылымда адам мен жылқының өзара қарым-қатынасында жылқы адамның әрбір іс-әрекетін, оның ұсынған әрбір ақпаратын қабылдауға қабілеті жететін, адамның қандай шешім қабылдайтынын және жалпы айтқанда жылқы мен адам арасындағы байланыс, ана мен бала арасындағы байланыс деңгейінде. Жылқының инстинктитвті мінез-құлқы дамыған, үйрену қабілеті өте жоғары болғандықтан топтық және ата-ана мен бала қарым-қатынасын дұрыстауға көп қыпал ететіндігі белгілі.

Сонымен бірге, бала мен аттың өзара арақатынасын психотерапияда «пациент – емдік тренажер» деп танып, бірін-бірі жақын жақын тартып, жылы қатынасқа түсе алатындығы да дәлелденген.

Бұл қатынас барысында жылқы үстіндегі адам үшін жақын тартатын объектіге айналып, олардың арасында аса жылы қатынас, жақындық орнайды. Жылқы адам үшін – қауіпсіздік пен сенімділік, эмоционалды қолдау нысаны. Адамның өзіне деген сенімділігін арттыру, қорғаныш сезімі, махаббат пен жылулыққа құштарлықты қанағаттандыру сияқты функцияларды атқарады. Диссертациялық еңбектерде жылқы үстіндегі баланы сақтау, қорғау, қолдау, қамқорлық көрсету қажет жан ретінде қабылдап, емдейтіні дәлелденген.

Сондықтан ат құлағында ойнау – қазақ үшін еріккеннің ермегі емес. адамның адамшылығын арттыратын, қарым-қатынасын түзейтін, оның денсаулығы мен психомоторлы дамуын, ептілігін қалыптастыратын өмір сүру сапасын арттыратын бірден-бір құрал.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 47 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: