22:14 Қазақтық | |
ЖАР-ЖАР АЙТУ Психологиялық мәні: Психологиялық тұрғыдан жар-жар сыңсудың бастауы. Қыздың ұзатылу тойы – арқанның кесілгені іспеттес. Қыз ғұмырдың әлеуметтік келбет ретінде үзіліп, жар ғұмырдың басталуы. Қыздың психологилық әл-ауқатының енді өз босағасына бұрынғыдай оралмайтынын, барар жеріне «тастай батып, судай сіңетін» өмірлік міндет қойылып тұрғанын, тек қыз ғана емес, «ау-жар» айтқан төркін мен «жар-жар» айтқан қайын-жұрт та бар жанымен, тәнімен сезінген. Егер де адам жанына резонанс батудың бірден-бір жолы әуез бен ұйқас, ырғақ екендігін ескерсек, «11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7-8 буынды жыр ағымымен айтылатын, тұспалды және мазмұнды» жырды жігіт жақтың айтуы – қалыңдықтың жағдайын ойлағаны. Жар-жар – қайын жұрттан келген, екі сөйлемейтін ерлердің қалыңдыққа «ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтынын» түсіндіріп, жүрек үндерімен берген уәдесі. Бұл уәде-айтыста ер жігіттің жеңгені абзал, сондықтан жар-жар айтуды, суырып салма және шыншыл жігіттерге тапсырған жөн. Сонымен бірге, «жар-жар» - үйлену барысында жігіттің қалыңдықты қалың малын төлеп, үлде мен блдеге орап, үнін шығармай алып кету, қыздың бостандығы мен еркіндігінің болмағандығы деген сияқты қара күйелерді жоққа шығаратын салт. Себебі қазақ баласын жылатпаған және өзге тоқтаған. «Жар-жар», сыңсу сияқты демократиялық келбеті бар үрдістер арқылы қыз ата-анасына өз назын жеткізген. Ал жар-жар арқылы жігіт қызды жар болуға шақырған. Сондықтан Қазақстанның кейбір өңірлерінде оның орнына қызды «үкі-ау» деп үлбіреген нәзік үкіге, үмітке теңесе, «ай-ау» деп қызға қол жеткізу аспандағы айғ қол жеткізгенме бірдей екендігін әуезді ырғақ пен жүректің түбінен шыққан уәделері арқылы жеткізген. Қыз тағдырын аманат ретінде қабылдаған. Соңында «ғұрыптық салт бойынша Жар-жар айтып болған соң жігіттер отау үйдің үзігін сыпырып тартып әкетеді. Бұл отаудың жігіт жұртына көшірілетінін, қыз ғұмырдың аяқталмағандығы, қыздың көп ұзамай аттанатындығын білдіріп», қыз ғұмырға нүктені болашақ жары қойған. Қазіргі заманғы үйлену тойындағы Жар-жар жаңа мазмұнға ие болғандығы, оған ақын-жазушылар жаңа сөз жазып, жаңа әнмен жас жұбайлар тойында міндетті түрде орындалатын өнер туындысына айналғандығы туралы айтылды. Бұл үрдіс психологиялық тұрғыдан дұрыс емес. себебі жар-жар о бастан қыздың өскен ортасын қия алмағандығын көрсеткені. Ол ұзатылу барысындағы табиғи құбылыс. Бұл кезде қыз тағдырдың қиылып, жұбайлық өмірге ауысқанына тек қыздың ғана емес, жауапкершілікті алатын жігіттің жақсы өмір үшін уйде беруі ретінде сақталуы, қыз ішіндегі шер мен мұңды жігіттің толық естіп, ұққандығы – психологиялық тұрғыда маңыздырақ. Себебі осылайша қыздың мұңын азайтып, шерін тарқатып, жігіт пен қыз арасында берік қатынас орнап, үйленудің салдары мен тереңдігі ұғынылады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |