19:35
Қазақтық

ҰРЫН БАРУ

Психологиялық мәні:

Ұрын келу – болашақ ерлі-зайыптыларды отбасылық өмірге психологиялық және педагогикалық тұрғыдан дайындау. Бұл салт арқылы халқымыз келесі мәселелерді шешкен:

Алдымен, ұрын келу арқылы қарым-қатынас мәселесі шешілген. Жігіт пен қыз бір-біріне еті үйренісіп, бір-бірімен көңіл жарастыруының маңыздылығы мойындалған. Отбасын құру үшін екі жастың арасында сезім мен көңіл жарастырудың маңыздылығы ыммен жеткізілген. Ата-ана балаларын атастырып, құда түскенмен, ырық жастардың өздерінде екенін түйсіндірген. Отау құрғанша бірін-бірі көріп, алдын-ала қарым-қатынас құра алатындықтарын, осы мәселеде екі жақтың да қарсы еместігін, екеудің бір-бірімен көңіл жарастырғандарын, үйреніскендерін қалаған.

Екіншіден, жастардың бір-бірімен таныстығының өзі тойға ұласуы, осы таныстыққа қаншама адамның қатысып, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт-түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгейтай, шымылдық байлар, отау жабар, туырлық, майын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар, күйеу аттандырар, т.б. жоралғылар арқылы көңілдерін көтеріп, қызығушылықтарын арттыруы – отау құрғалы жатқан екеудің қарым-қатынасының дүйім ел үшін маңызды болғандығын көрсетеді. Екі жастың таныстығы еленбей қалмаған, екеудің алабұртқан көңілдерін той-томалақ арқылы көтерген.

Үшіншіден, халқымыз үшін екі жастың бас қосуы, «он екіде бір гүлі ашылмаған» басты байлығы – қызының жат жұрттық болуы – қатардағы лүние емес. ер адам оның көңілінен шығып, жүрегіне жол табуы маңызды саналған. Ұрын келу арқылы отбасылық өмірдегі, ерлі-зайыптылардың арасындағы мәселелерді шешу тетігі ер адамда екендігін жеткізген. Себебі ұрын келу болашақ күйеу тарапынан жасалатын әрекет. Сондықтан да қыз көңілін тауып, көңіл жарастыруға барын салуын талап етеі. Ал бұл жолдағы жоралғылардың көп болуы – қызға қол жету оңай еместігін, оның қадірін біліп, көңілін тауып жүрудің маңыздылығын байқатады.

Бала өміріндегі ата-ана билігі – имплицитті, жасырын дүние. Қазіргі кездің өзінде бір-бірімен көңіл жарастырған жастар үшін ата-аналарының пікірі өте маңызды. Балаларға жар таңдау бостандығы толық берілгенімен, жастар психологиялық деңгейде, табиғатынан ата-анаға алаңдап тұрады. Ата-ананың қолдау көрсетуінің маңызы зор. Яғни ұрын келу арқылы халқымыз екі жасты отбасылық өмірге педагогикалық тұрғыдан дайындаса, той-томалақ жасау арқылы көңілдерін орнына түсірген.

Жалпы, ұрын келу – көңіл жарастырған екі жастың арасындағы үйленгенге дейінгі қарым-қатынасқа шек қойып реттеу, жастыққа бой ұрып, қателік жасаудан сақтау. Өз бетімен жібермеуді көздейтін атадан балаға мұра болып қалған, жастарды қарым-қатынас мәселесінде тура бағыттайтын астарлы педагогикалық дүние.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 103 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: