20:51 Қазақтық | |
МҮШЕЛ ЖАС Психологиялық мәні Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында кездесетін қиырлары мен бұрылыстары психологияда дағдарыс кезеңдерң деп айтылады. Мысалы, балалық шақтың аяқталып, ересек өмірдің басталу кезеңі адам үшін тек қана биологиялық мазмұнмен шектелмейді. Бала өміріндегі алғашқы болмыстық дағдарыс – оның тіршілігі мен болмысы деңгейінде қайта қалыптасып, осы уақытқа дейін ата-анадан алған «қорын» өз өмірін сүруге жұмсай бастаған кезеңі. Бала бойындағы мүмкіндіктер мен ішкі әсерлерінің, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының әсерімен белгілі бір уақытқа дейін балалық шақты» басынан өткереді. Адам бала күйінде қалып қоймай, санасы, жаны, түйсігі, сезімдері, өмірінің мәні, әрекеті, жауапкершілігінің артуы сияқты дүниелерге қатысты төмен деңгейден жоғары деңгейге өтіп отырады. Осы кезі және адам жасының кейбір маңызды кезеңдері ғылымда «дағдарыс кезеңі» деп аталады. Адам өмірінде кездесетін дағдарыстар ұғымы мен түрлері туралы психология ілімінде нақты қалыптасқан пікір жоқ: тұлғалық дағдарыс, әлеуметтік дағдарыс, әлеуметтік-тұлғалық дағдарыс, өмірлік дағдарыс, рухани дағдарыс, психорухани дағдарыс, ноогендік (В.Франкл), онтологиялық (Р.Д.Лэйнг, Д.Купер), адам қажеттіліктері жүйесіндегі «жоғарғы топтар» (А.Маслоу), «Кентавр деңгейі» (К.Уилбер), «дербестік деңгейі» (Э.Фромм), «өмір мәні деңгейі» (Р.Мэй), «адамның түпнұсқалық деңгейі» (С.Кьеркегор және Хайдеггер), «трансперсоналды қабат» (В.Всехсвятский), «терең кластер» (М.Щербаков) деген атаулар арқылы таныған. Өмірлік дағдарыс кезеңінде адамның бойында осы уақытқа дейінгі өмір сүру салтына көңіл толмауы, бұрынғы қызығушылықтарының ескіруі,өмір мәнінің жоғалуы, шарасыздық, өліммен кездесуден қорқу, өмірде жоғалтқан құндылықтарын аңсау, өмірдің түрлі қырлары мен бояуларының жоғалуы, әлеуметтік және болмыстық мүмкіндіктерінің жетіспеуі, өткен өміріне көңілінің толмауы деген сияқты есейіп, басқа сипаттағы және сападағы өмірге құлшыну пайда болады. Ғылыми әдебиеттерде дағдарысты бірнеше фазаларда қарастыру қабылданған: сыни кезеңге дайындық, сыни кезең, дағдарыстан шығу кезеңі. Осы фазаларда адамның субъект ретіндегі әл-ауқаты түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Адам өміріндегі дағдарыстарды нормативті жастық және өмірлік деп шартты түрде бөлген. Аталған дағдарыстардың психологиялық және педагогикалық мәні зор. Дағдарыстар арқылы адам өзінің әлеуметтік қажеттіліктерінен басқа өмірлік қажеттіліктерін мойындап, қанағаттандыруға бел буады. Бұл құбылыс адам өмірінде әлесіп жүретін, саналы адамның бәрінде болатын өмірлік құбылыс. Қазақтың мүшел жасы адам өміріндегі дағдарыс кезеңдерімен тұспалдас. Мысалы, қазақтың бірінші мүшелімен тұспа-тұс келетін «пубертат кезеңінде» бала ата-анасымен психологиялық кіндігін кесіп, өзінің өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға әрекет етеді. Бұл халқымыздың баланың кәсмелетке толғанын мойындап, оған жауапкершілікті артуға болатынына сенген. Қазақтың екінші мүшелі 24-25 жаста болатын дағдарысты «жастық дағдарысы» деп атайды. Бұл жаста ақыл тоқтату мен бақытты болуға деген ұмтылыс қалыптасады. Қазақтың үшінші мүшелінде әйелдерде өтпелі кезең дағдарысы орын алады. Бұл кезеңде эмоционалды тұрғыдан дискомфорт, өзін-өзі басқара алмау, өз мақсаттарына жетуге ұмтылысының азаюы, өзін және өзгені қабылдай алмау, өміріндегі ұнамайтын жайттардан қашу, қызығушылықтарын ауыстыру, өзге әлемге ұмтылу сияқты мінез-құлық пайда болады. Бұл мінез-құлық осы уақытқа дейін жинақталған болмыстық мәселелерін шешуден бас тартудың жолдары. Бұдан өзге, адам өмірінде орта жас дағдарысы, қарттық дағдарысы деген дағдарыстар кездеседі. Орта жаста адам ұрпаққа қалдыратын дүниелері туралы ойланса, қарттық дағдарысында адам өткен өміріне көңілінің толу-толмауына көз жүгіртеді. Дағдарыстардың басталып, аяқталу сәттері адам өмірінде қаіпті кезеңдері болып саналады. Әрі бұл кез келген адамның басынан өтетін құбылыс. Әрбір мүшел адамның өзіне және әлемге берер дүниелерін анықтап, жауапкершілік мәселесін анықтайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |