20:59 Қазақтық | |
МҮШЕЛ ЖАС Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі деп саналады. Одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Мысалы: 1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13 кіреді – 14 шығады 2-мүшел – 25 жас (жігіттік шақ). 25 кіреді – 26 шығады 3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37 кіреді – 38 шығады 4-мүшел – 49 жас (орта жас). 49 кіреді – 50 шығады 5-мүшел – 61 жас (орта жас). 61 кіреді – 62 шығады 6-мүшел – 73 жас (қарттық). 73 кіреді – 74 шығады 7-мүшел – 85 жас (кәрілік(. 85 кіреді – 86 шығады 8-мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді – 98 шығады 9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю). 109 кіреді 110 шығады 10-мүшел – 121 жас (немене сүю). 121 кіреді – 122 шығады Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа, яғни кәмелетке толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы. 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты мүшелге (кей жерлерде «қоян мүшел» деп те атайды) келген ұл баланы сүндетке отырғызу, «атқа мінгізу» мен қыз баланың құлағын тесіп, «сырға тағу», алғашқы мүшелінде балиғатқа толуына байланысты «он үште отау иесі» атану, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды. Кейде мүшел толтыру жасын қатерлі болатындығы болжанады.
Психологиялық мәні Халқымыздағы мүшел жас мазмұны адам болмысының дамуы барысындағы дағдарыстарға сай келеді. Адам болмысы экзистенциалдық салтты психологияда өмірлік мәні бар, өз-өзіне тиесілі, бірегей, қайталанбайтын мән ретінде танылады. Оның бірегейлігі тұрмыс тіршілігі барысында ішкі әсерлерімен қосылып, қалыптасады. Адам өміріндегі өмірлік қажеттіліктер ретінде экзистенциалдық психологияда адамның әлеммен байланысы, өмірмен байланысы, қарым-қатынасқа түсуі, кездескен қиындықтарды еңсеріп өмір сүруі, кеңістігін тануы, тамырын жаюы, өзінің бірегейлігін тануы, құндылықтарын анықтауы, өзінің өзгелерден ерекшелігі және өзгелермен қатынас құруы, көзқарастарын қалыптастыруы, өз құндылықтарына берілуі сияқты дүниелер танылады. Осы дүниелермен байланысын орнату барысы адам үшін оңайға соқпайды. Адам оларға даңғыл жолмен де келмейді. Сонымен бірге, әр жасқа қоғамның қояр талабы бар, оған қазіргі кездегі тез даму үстіндегі әлемнің адамға қояр талаптарының көбейгенін қосыңыз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |