10:20 Ауданымыз - сәніміз! | |
Мерейарнау МАДАҚ ШОҒЫРЫ (Лебяжі ауданының 70 жылдығына) Айт десеңіз, қара өлеңге басайын, Көз көрген мен ой түйгенді айтайын. Мадақ сөздің ауылшығын жасайын, Туған аудан өнегесін айтайын. Уа, Лебяжі! Мерейтойды жар қылайық, Ән-мереке, ойын-қызық құрайық. Күнбе-күн қуанышпен тұрайық, Ақыл-асылды үлкендерден сұрайық. «Қиық» аттас ауыл еді кезінде, Сарыарқаның ожау сынды көзінде. Сұлу аққу қалқып жүрген көлінде, Тіршілігі, күн көрісі бар елінде. Уа, Лебяжі! Біз жатпайық құр босқа, Бірлік іздеп жиналайық бір қосқа. Тілек сөзін берейік мейман, досқа, Бір ауыздан қосылайық күллі тостқа. Бұл аудан есімі көкпке мәшһүр, Бірлігі бар бірегейлердің қолы, шүкір. Ел басына күн туғанда, Тың игере жол қуғанда, Еңбегімен айшықталды ел баһадүр. Уа, Лебяжі! Семіз малдар сойылсын, Дастарханға тау-тау ет боп қойылсын. Замананың дағдарысы жойылсын, Барша қауым думандата тойынсын. Төрт түлігін ойдағыдай сайлаған, Табыс үшін таңнан малын жайлаған. Жігер-күшін Дала үшін аямаған, Ел аузында Ерлер аты мәңгі қалған. Уа, Лебяжі! Ерке Ертіс жағасы, Шабыттана тозбас дүлдүл тағасы. Мекеніңнің өсе берсін бағасы, Жетпіс деген жауһардың болдың ағасы. Болашаққа жол ашатын білім деген, Бұл сапарда азаматтар көп ізденген. Ғылым жолын меңгерген бар көптеген, Әр салада биіктерге қол жеткізген. Уа, Лебяжі! Тал-теректі өңірің, Жетпіс жыл бастан кешкен өмірің, Ұрпақ үшін текке емес, бұған сең. Жарқырасың жұлдыздай тұрыс, еңсең! Серік сынды Ер есімін ел ұмытпас, Қаһарманды еркелеткен жел ұмытпас. Тесік моншақ анадайда, сірә, жатпас, Сарбаздары ел қорғауда – қанаттас. Уа, Лебяжі! Құтты болсын жетпіс жылдық мерейін, Бір ғасырлық тойынды да көрейік. Алыс жолда сағына біз жүрейік, Күннен-күнге өсуіңді тілейік! ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы shakhibbeker@gmail.com www.shakhibbeker.ucoz.kz | |
|
Всего комментариев: 0 | |