11:41
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫҒА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАР

Жылқының мінез-құлқына қатысты атаулар

Бас асау жылқы. Басына қол жуытпай, осқырынып шалқалап, жүгендетпейтін және мойнына қамыт кигіздірмейтін жылқы. Бұл жылқының көп ұсталмауынан болады.

Кегежек жылқы. Жетекке алса немесе мінсе, ілгері баспай, шегіншектеп тұрып алатын жылқы.

Безер жылқы. Теуіп, тістеп, маңына адамды не малды жақын келтірмейтін жылқы.

Тарпаң жылқы. Асау, үркек, жалт бергіш, тулағыш, тепкіш, тістеуік жылқы.

Тістеуік жылқы. Көп мініске түсіп қажыған жылқы тістеуік келеді. Ол адам көрсе тістей беретіндіктен осылай аталады.

Тебеген жылқы. Жас кезінде шошынғандықтан немесе жалпы әдеті бойынша маңынан жүрген адамды, мал-жануарды оқыс теуіп жіберетін жылқылар болады. Бұны тебеген жылқы дейді.

Белдіреуік. Сауғанда тез иімей бедірейіп тұрып алатын биені айтады.

Жебір жылқы. Көзіне көрінген жем-шөпті талғамай жей беретін жылқыны айтады.

Безер. Өзінен басқа жылқы малын теуіп, тістеп, маңына жуытпайтын қызғаншақ жылқы.

 Жанасқыш. Сауылмай тұрып жанасалап келіп, желідегі құлынын емізіп қоятын бие.

Еміншек. Енесінің сүтсіздігінен немесе енесінің сүтке жарытпауынан емізік арқылы өсірілген құлынды айтады.

Тіленшік. Қолдан сүт ішіп үйреніп, көрінген кісінің соңынан еріп жүретін құлын.

 Асау құлын. Желіге байласа да жуасымайтын құлын.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: