23:02 Атбегілік арналары | |
ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР 21. Артқы аяқтың шаша қуысынан қан алу Мініске пайдаланып жүрген аттың артқы аяқтарының тұяғы алдыңғы жағынан бірдей желіне бастаса оның аяғына ақау түсті деп есептеледі. Емдеу тәсілі. Мұны алғашқы жеңіл кезінде аяқтың шаша қуысынан шаншып қанатқан дұрыс. Екі айдай мінбей бос жібереді.
22. Артқы аяқтың сіңір қуысынан қан алу Артқы аяғының сіңірі жуандап, тұяғының алдыңғы қыры желіне бастаса, оны емдеу қажет. Емдеу тәсілі. Алдымен жуандаған сіңірге үш күндей қоюлатылған іркіт немесе тұз қосып сұйыиылған сиырдың жас тезегін орап байқайды. Тамыр жұмсарған соң сіңір қуысын бойлата шаншып қан алады. Күтімді үш айдан артық жасайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |