10:22
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

19. Аш құрсақтық нүктесі

Бәйгенің атын жарыс жолына аш күйінде жіберу немесе күнделікті мініс атын ашықтырып, алыс жолға пайдаланудан ішектің қырындысы азайып, жылқы демікпеге ұшырайды.

Емдеу тәсілі. Екі келі сиырдың жас тезегін бір литр биенің саумал сүтімен араластырып, сұйылған соң оны жылқыға күшпен жұтқызады. Одан кейін жылқының бауырынан шабына қарай созылып жатқан үш сала тамырды шаншып көбірек қан ағызған жөн. Күтімді екі айға дейін жасайды.

 

20. Артқы аяқтың табанынан қан алу

Жалпы жылқының алдыңғы табаны көп желініп, тасырқағыш келеді. Сондықтан алдыңғы табанының жүрекшесін мұқият қарап, ұйыған арам қанды ағызып отырады. Сол сияқты артқы аяқтың да жүрекшесін тазалаған дұрыс.

Емдеу тәсілі. Алдымен артқы аяқтың (тұяқтың) маңдай нүктесін шаншып, арам қанын ағызады. Шаншу мерзімі – су қабыршықтанып қататын кез. Аяғын қандауырлаған жылқыны ашық суға түсіруге болмайды. Күтімді екі айдан астам жасайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: