10:58
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

15. Тұяқ маңдай нүктесінен қан алу

Мініс немесе бәйге аты жай аяңдап жүргенде сүріншектей берсе тұяқтың маңдай нүктесі, яғни қасқалығынан қан алған тиімді.

Емдеу тәсілі. Кез келген уақытта тұяқтың қасқа маңдай нүктесін шаншып қанату керек. Қанағаннан кейін 45 күн күтім жасау керек. Ал жылқы артқы аяғынан сүрінсе артқы аяқтың тұяқ қасқылығынан қан алады.

 

16. Бауыр қызметін реттеу үшін қан алу

Ескіріп, бұзылған жем-шөп жеген жылқының бауыр қызметі нашарлап, терісінің сыртқы қабатында алашұбар дақтар пайда болады. Бауыр қызметі бұзылғанының екінші бір беглісі көбір жүні ұзынды-қысқалы ретсіз өсе бастайды.

Емдеу тәсілі. Алдымен жылқының етіндегі жуан тамырды шаншып қан алып көреді. Қанның майлылығы аз болса, жаздың ортасында бір литр мөлшерінде қан шығарады. Егер денедегі дақтар кетпесе бір жылдың ішінде қайта шаншуға болады. Бір жылдан асса, онда емдемейді. Күтімді үш ай жасайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 48 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: