08:43
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

АРҚАСЫ КЕТУ

Белгісі. Мініс аттары үнемі жұмыс қолды болғандықтан арқасы кетеді, яғни, ер батқан жері ісініп, жауырға айналады. Жауырдың үлкен-кішілігіне, ауыр-жеңілдігіне, асқынған-асқынбағанына, қызарған, домбыққанына қарай. Жалақ жауыр, жайдақ жауыр, жүн жауыр, мандам жауыр, өліетті жауыр, өліетсіз жауыр, ошақ жауыр тәрізді атаулармен айтылады.

Емдеу тәсілі. Қышыған жауырды жылқы тісімен қасып асқындырып жібермес үшін, сақтық шараларын қолданады. Жылқының мойнына екі-екіден айқастырылған төрт ағашты байлап қояды, мұны «кескек» дейді. Мүмкіндігінше жауыр атты мінбейді. Жауырды емдеу үшін жылқыны жығып, ісіктің екі жерінен өткір пышақпен тесіп, терінің астындағы өлі етті сылып алып тастайды. Жылқының қылын өріп, жаңағы екі тесіктен салбыратып өткізіп қояды. Мұны «әнжі» дейді. Әнжі – жараның аузын бітірмей, үнемі ірің ағып тұру үшін қажет. Қағып тастамас үшін кескек байлайды. Таңертең, кешкі екі мезгіл жауырдың үстінен шәугіммен суық су құйып отырады. Жылқы 15 күнде жазылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 57 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: