22:58
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ШЕГЕ ТИЮ

Белгісі. Атты тағалаған кезде шегені дұрыс қаға білмегендіктен, тәжірибесіздіктен, орашолақтықтан аттың тұрасына шеге тиеді. Шеге тию дегеніміз – таға шегесі тұраны жанап дүмпіп өтуі. Шеге тигеннің белгісі ат қатты тыпырлайды. Шегені суырып алғанда орнынан қан шығады. Шеге тиюден жарақат алған жылқы тұрғызғанда аяғын ақсап басады. Сілкінбейді. Шара қолданбаса, шеге тиген жер іріңдейді, аяғы ісініп қабынады. Ұстап көргенде күйіп тұрады.

Емдеу тәсілі. Тиген шегені қолма-қол суырып алып тастап, үңірейген орнына сақар (алаботаның қайнатылған күлі) тығып, тұяқты бітеулейді. Егер шегеден уыт қалмаған болса дереу жазылып кетеді. Ал шегеден уыт қалып асқынған жағдайда шегенің орнын ойып тұрадағы іріңді, бұзылған қанды тазалап орнына тағы да қара сабын тығып емдейді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 69 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: