20:43
Атбегілік арналары

БИЕ және ҚЫМЫЗ

Қымыз

Қымыздың пайдасы. Қымыз құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, ақуызы жұғымды. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» дәрумені мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша пайдалы.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстары отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ, дәрумендер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады.

Қымызды жүйелі түрде қабылдаудың әсерінен өкпенің сыйымдылығы, кеуде жасушаларының шеңбері ұлғаяды, тыныс алу, зат алмасу жақсарады, қан құрамындағы гемоглобин мөлшері артады, лейкоцит саны артса, қайта қалпына келеді, эритроциттердің шөгу реакциясы жиілеген болса, қайта төмендейді. Жүйке жүйесі де қымыздың әсерінен тыс қалмайды. Қымыз ішкен адамның бойында сергектік пайда болады.

Қысқасы, бие сүтінде адамның денсаулығына керекті А және С дәрумендері бар. Сонымен қатар, В, Д, Е, F дәрумендері де жеткілікті. В тобына жататын дәрумендер адам организмінің қалыпты тіршілік етуі үшін қажет.

Қымыз адамның қан құрамындағы гемоглобин эритроцитті көбейтеді. Қан тамырларының соғуын жақсартып, қан айналымын жылдамдатып, жүрек соғысын жақсартады. Сондай-ақ, қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. Өйткені оның құрамында В2, В12 дәрумендері бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 84 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: